ФУТБОЛДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

106
0

Шымкенттегі “Қажымұқан” атындағы орталық стадионда шаһар басшысы М.Әйтенов және Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, футболдан әйелдер командалары арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы — «Шымкент» командасын құттықтады.

«Шымкент» әйелдер футбол клубы Республикада ғана емес, әлемдік көшбасшылардың біріне айналып үлгерді. Қазіргі таңда УЕФА-ның үздік 20 командасының қатарында. Еуропалық футболдың «Барселона», «Бавария», «Лион», «Манчестер Сити» секілді алыптарымен жасыл алаңда теңдей ойнады. Чемпиондар Лигасында үш мәрте 1/8 финалында ойынын көрсетті. Олар әлемдік аренада Қазақстанның атынан туған қаламыз Шымкентті танытып, 12 мәрте ел кубогында да топ жарды. «Шымкент» командасы кезекті рет Қазақстанның үздігі атанып, Қазақстан чемпионатында 11-ші рет жеңімпаз деп танылып, рекорд орнатты.

Айта кету керек, ҚР Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында бір қатар жұмыстар жүргізілген. Бүгінгі таңда статистикалық есеп бойынша қалада дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 402 544 мың адамға жеткен. Бұл  барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 36,2 % екенін көрсетеді. Қаладағы спорттық инфрақұрылым мәселесі Бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты екені белгілі. Қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны 933-ке жетті.

Биылғы жылдың бюджет есебінен қаламызда 3 спорт нысаны яғни «Шымкент қаласындағы «Металлург» стадионы, «Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында №12 спорт мектебі және  «Шымкент қаласы Бозарық-3 шағын ауданындағы қалалық №20 спорт мектебі, ал жеке инвесторлар арқылы 4 спорт нысан. Олар үстел теннисіне арналған спорт нысанының құрылысы, жаңа ипподромның құрылысы, «SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы және де «TURAN ГХА» спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекет есебінен құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Металлург» стадионы 2020 жылы басталған, аталмыш нысан 2023 жылға өтпелі. Қазіргі уақытта, спортшылар үйінің құрылысы 100 пайыз аяқталды. Ал, Сайрам тұрғын алабында №12 спорт мектебінің қосымша корпусының да құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған, бұл нысан да 2023 жылға өтпелі болып табылады. Қазіргі уақытта, нысанның құрылыс монтаж жұмыстары қызу жүргізілуде. Сондай-ақ, Бозарық-3 шағын ауданындағы қалалық №20 спорт мектебінің спорт ғимаратының құрылысы 2022 жылы бастау алған. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. Қазіргі уақытта, жер жұмыстары, ірге тасын құю жұмыстары, 1 қабат қабырғаларын кірпішпен өру жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта, 2 қабат қабырғаларын кірпішпен қалау жұмыстары жүргізілуде.