ШЫМКЕНТТІҢ NIS ОҚУШЫСЫ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНДА ТОП ЖАРДЫ

91
0

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің арасында тоғызқұмалақтан V желілік спартакиада өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Uakit.kz.

Жыл сайын Зияткерлік мектептердегі жүздеген оқушы асыға күтетін ерекше оқиғалардың бірі – тоғызқұмалақтан дәстүрге айналған желілік чемпионат. Жас спортшылар үшін тоғызқұмалақтың мәні ойыннан да тереңірек. Оқушылардың интеллектуалды ойынға деген қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді. Өйткені жылда дәстүлі форматта өткізілетін сайыс бара-бара тартысты ойындармен аяқталуда. Аталмыш сайысқа Шымкент қаласының намысын қорғауға жалпы 4 оқушы мектеп аттанып, сайысқа түсті. Тартысты өткен ойдодасының қорытындысы бойынша Шымкенттік NIS-тің оқушысы Алимухаммед Айтбай жекелей есепте жоғарғы топ ұлдар арасында екінші орынды жеңіп алды.  Алимухаммед Айтбай Шымкент қаласы атынан NIS жүйесінде тоғызқұмалақтан желілік спартакиадаға осымен төртінші рет қатысып отыр. Жинаған тәжірибесінің арқасында бүгінде жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр. Зияткер оқушының айтуынша тоғызқұмалақ ойыны адам бойына табандылық пен шыдамдылықты үйретеді.
«Тоғызқұмалақ ойыны адам бойына табандылық пен шыдамдылық қасиеттерін арттыруға көмектеседі. Сол үшін де мен ойын ұйымдастырушыларына алғысымды айтқым келеді. Сондай-ақ спартакиада аясында өзіме көптеген достар табуға мүмкіндік алдым. Бұл ойынмен ғана шектелмей, алдағы уақытта да тоғызқұмалақ ойынында үлкен жетістіктерге жететініме сенемін», — дейді оқушы.

Тоғызқұмалақтан V спартакиада PlayOk платформасында қашықтан өтті. Ойыншылар рапид әдісі бойынша 3 жас ерекшелікте кезең-кезеңімен сайысқа түсті.
Айта кету керек, Шымкенттік құрама команда жыл сайын спартакиадада жүлделі орындарға ие болады. Биыл да шәкірттер 100 оқушының ішінен оза шауып, олжалы болды.