ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ЕМДЕЛУШІ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ЕРЕКШЕ КӨҢІ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

98
0
Шымкентте неврология бөлімшесінің 20 жылдығына орай балаларға мерекелік тарту жасалды, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасындағы неврология бөлімшесінің ашылғанына биыл 20 жыл толды. Аталған бөлімше дәрігерлері тірек қимылы бұзылған, ауыр дертке шалдыққан балаларға медициналық көмектің жан-жақты түрін көрсетеді.
Атаулы датаға орай, аталған бөлімшедегі емделуші балаларға мерекелік тарту жасалып, керемет көңіл-күй сыйлады. Кішкентай пациенттер үшін Оңтүстік цирк ұжымы өнерлерін көрсетіп, балаларға сыйлықтар таратып, тәтті тоқаштарымен мерекелік қуанышқа бөледі.
Айта кетейік, 2022 жылы бас дәрігер Д.Жумадилова бастамасымен ауыр дертке шалдыққан балаларға қалалық мәслихаттың шешімі мен денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Шымкент қаласы бойынша жұлынның бұлшықет атрофиясы диагнозы қойылған 17 баланың 10 — қазіргі уақытта «Спинраза» препаратымен емделуде. Бұл препарат ингаляциялық наркоздың бүркемесімен асептиканың барлық ережелерін сақтай отырып, операция жасау бөлімшесінде интратекальді түрде енгізіледі. «Спинраза» дәрісі жұлын бұлшық етінің атрофиясы диагнозы қойылған балаларды емдеу үшін қолданылады. 2022 жылдың 4-тамызынан бастап 1-18 жас аралығындағы церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға және басқада ерекше балаларға арналған стоматологиялық көмек көрсету қолға алынып стоматология кабинеті ашылып, іске қосылды. Бұл кабинеттің негізгі мақсаты ерекше балалардың тісін емдеу.
Медициналық қызмет түрлері кеңейіп, балалар денсаулығын жақсарту үшін оң өзгерістер орын алуда. Қалалық балалар клиникалық ауруханасындағы медициналық қызметті жоғары деңгейде дамытып, дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру.