ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ӨЗ ШЕШІМІН ТАБУДА

Қаратаулық тұрғындармен Мұрат Әйтенов «Көрме» орталығында кездесті, деп хабарлайды Uakit.kz. 
Қаратау ауданының тұрғындары 2023 жылы 100 пайыз ауызсумен қамтылатын болады. Бұл туралы Мұрат Әйтеновтың тұрғындармен кезекті есепті кездесуінде ауданың әкімі Рахымберді Мулкеманов мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берілген тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің әр тоқсан сайын қала тұрғындарымен жоспарлы кезекті есепті кездесуін тұрақты өткізуде.
Осы орайда, шаһар басшысы Мұрат Әйтенов пен Қаратау ауданың әкімі Рахымберді Мулкеманов ауданда соңғы 9 айда атқарған жұмыстары бойынша тұрғындар алдында өз есебін берді. Тұрғындармен өткен кезекті есепті кездесуінде ауданың әкімі Рахымберді Мулкеманов аудан көлеміндегі сапалы ауызсумен қамту жұмыстарына кеңінен тоқталды.
Былтырғы жылы сапалы ауыз сумен қамту бойынша “Көмешбұлақ”, “Асар”, “Шымсити”-ден “Достыққа” дейінгі әлеуметтік нысандар бойынша 3, кестемен “Нұртас” елді мекеніне 1, тасымалмен “Тұран”, “Асар-2” елді мекендеріне 2, жалпы саны 6 магистралды жобаның құрылысы аяқталып тапсырылған болатын.
Биыл “Нұртас су жинақтағыш” әлеуметтік нысаны бойынша 3 елді мекенде атап айтқанда,“ Қайнарбұлақ”, “Сайрам” және “Жаңақұрылыс” аумағындағы “Ақтас-2”-де құрылыс қарқынды жүргізілуде, жыл соңына дейін 1-еуі тапсырылса, 2 жоба жаңа жылға өтпелі.
2023 жылдың соңына дейін 5 нысанның құрылысы жүргізіледі.
«Бүгінгі таңда Қаратау ауданының тұрғындары 91,6 %- сапалы ауыз суды тұтынады. 2023 жыл соңына қарай, аталған нысандардағы құрылыс жұмыстары толық аяқталса, жергілікті халық сапалы ауыз сумен 100% қамтылады”-деді аудан әкімі.
Айта кету керек, қазіргі уақытта қалаға қарасты шағынаудандар мен елді мекендерде инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстары қолға алынып, мәселелері кезең-кезеңімен өз шешімін тауып жатыр. Күні бүгінге дейін қала аумағандағы бірқатар елдімекендерде сапалы ауызсу, электр жарығы, көгілдір отыны тартылып, ел игілігіне берліген.