ӨРТТІ ӨЗ БЕТІНШЕ СӨНДІРУ ҚАУІПТІ

90
0

Түркістандық құтқарушылар кезекті рет  тығырыққа тірелген тұрғындарға алғаш болып көмек көрсетті,-деп хабарлайды uakit.kz.

Атап айтқанда ағымдағы жылдың 13-қазанында күндізгі сағат 16:48 минутта Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне жеке үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түседі.

Хабарламада Түркістан қаласы, Жеңіс көшесінде орналасқан тұрғын үйде өрт болып жатқандығы айтылады.  Өрт сөндірушілер айтылған мекенжайға хабарлама түскеннен кейін бір минуттың  ішінде шығып, өрт шыққан үйге сағат 17:00-де жетеді. Өрт сөндіру автокөліктерімен жедел жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды әп-сәтте оқшаулап, ауыздықтайды.

Өз кезегінде құтқарушылар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді. Егер тұрғын үйде өрт орын алса жалынды өз бетінше сөндіру қайғылы жағдайға жалғасуы мүмкін екенін, қандай жағдай болмасын ең әуелі 101 пультіне қоңырау шалуды сұранады.