ҚҰТҚАРУШЫЛАР АЯҒЫНА ҮШКІЛ ТЕМІР КІРГЕН БАЛАНЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚҰТҚАРДЫ

77
0

Ағымдағы жылдың 10-қыркүйегінде Түркістан қаласындағы шағын бір отбасының үйінде күтпеген жерден оқыс оқиға орын алады. Ай күннің аманында қаладағы Р. Дастанова көшесіндегі №98 үйге қарама қарсы орнатылған темір шарбақтан өтпек болған баланың аяғы абайсызда ондағы үшкіл темірге кіріп кетіп, жараланады. 2014 жылы туылған ойын баласының  аяғына шарбақтағы үшкіл темірдің кіріп кеткені туралы хабарлама сол күні сағат 22:15 минутта түседі. Оқиға орнына Түркістандағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары шұғыл жетіп, балаға алғашқы көмекті көрсетеді.  Құтқарушылар сағат 22:34 минутта баланы жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырады. Құтқару жұмыстарына 5 төтенше қызметкері мен 1 бірлік техника жұмылдырылады.

Өз кезегінде құтқарушылар  ата-аналардың балаларға темір қоршаулар, ашық жатқан сымдар, трансформатор және тағы басқа жазатайым жағдай тудыратын, ауру қоздыратын заттардың қауіпті екенін, сол үшін де ондай заттардан бойларын аулақ ұстау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруды ескертеді.