АБАЙДА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

104
0

Шымкент қаласы, Абай ауданы 2025 жылға дейін 59 пайызы орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылатын болады, деп хабарлайды Uakit.kz.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы ақпараттық-коммуникациялар орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізген Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов мәлімдеді.
Абай ауданына тартылған бюджет көлемі 2017 жылы 22,6 млрд.теңге бөлінсе, 2022 жылы 110,8 млрд теңге барлық сала бойынша бөлінген. Яғни 5 жыл ішінде 24 есеге көбейген. Шағын аудандар мен елді мекендерді кәріз жүйесімен қамту бағытында 2017 жылы – 1,1 млрд.теңге қарастырылса, 2022 жылы 1,4 млрд.теңге бөлінген.
«Абай ауданының 8 елді мекені орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылған. Бұл елді мекендерде 116 мыңға жуық адам немесе аудан халқының 36 пайызы өмір сүреді. 2020-2022 жылдары аралығында 1 нысанның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, 3 елді мекенде кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Қалған елді мекендерді қамту мақсатында 2022-2025 жылдары аралығында Абай ауданы аумағында 2 кәріз тазалау имараты (КОС) салыну жоспарлануда. Нәтижесінде, 2025 жылға дейін Абай ауданы 59 пайызы орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде», – деді аудан әкімі.
Айта кету керек, бұдан бөлек Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов өткізген баспасөз брифингінде аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылғанын айтып, бүгінде елдімекендердің 97% таза ауыз суды тұтынып отырғандығын жеткізді. Сонымен қатар, аудан аумағында «Стандарт» индустриалды аймағыда шоғырланатынын да атап өтті.  Онда заманауи қоймалар, шағын өндірістік цехтар ашылып, 3 мыңға жуық адам жаңа жұмыс орнымен қамтылатындығын айтты.