ШЫМКЕНТТЕ ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

114
0

Шымкентте өнеркәсіп өндірісі көлемінің көрсеткіштері жылдан-жылға жақсарып келеді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дуйсебековтің 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы БАҚ өкілдеріне баспасөз брифингін берді.
Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында аталған басқармаға белгіленген 6 нысаналы индикатордың есепті мерзімдегі қорытындысы бойынша: Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 590,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 8,1 пайызды құрап отыр. Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіретін кәсіпорындар есепті кезеңде 43,5 мың тоннаны шығарды, бұл жылдық жоспардың 87 пайызын құрайды. Негізгі капиталға инвестицияларының 2019 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда өсім 226,8 пайызды құрайды. Ал «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шағару бойынша жаңа өндірістер саны» көрсеткішін орындау мақсатында жыл соңына дейін 2 жобаны іске қосу жоспарланған. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі ағымдағы жылдың 6 айында 8,0 % құраған. Бұл индикатор бойынша статистикалық деректер тоқсан сайын жарияланады, бір тоқсан кешігіп жүреді. 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы көрсеткіш – 7,2% құрады. Ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысында бұл көрсеткіш 8,0% құрайды деп күтілуде. Қаржы қаражатымен өзара байланысты 1 нысаналы индикатор бекітілген: «Қаржылық қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны» 2022 ж. жоспар бойынша 232 бірлік. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде қаржылық қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 810 бірлікті құрап отыр.
Өндірілген өнім көлемі бойынша 2022 жылдың 1-тоқсанында 317,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,1%-ға артқан. 2022 жылдың қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 36,2%-ды құрады
Айта кету керек, қазіргі таңда жалпы аумағы 749 га құрайтын «Жұлдыз» индустриялық аймағын құру, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын қосымша кеңейту, «Бозарық» агро-индустриялық аймағын құру және Көлік-логистикалық аймағын қосымша 136 га-ға кеңейту жұмыстары жүргізілуде.