ЖОЛ ТАҢБАЛАР ЖАҢАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласы көшелерінің жол таңбалары жаңартылуда, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкентте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу мақсатында қала көшелеріне жол таңбалары қайта сызылып, жаңартылды. Жол сызықтарының көлік қозғалысындағы маңызы зор. Сондықтан да аталған бағыттағы жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуде. Мұндай жаңарту жұмыстары қолданыстағы стандарттарға сәйкес тұрақты түрде атқарылады.
Шаһардағы асфальт жолдың жалпы ұзындығы – 2055,7 шақырымды құрайды. Ағымдағы жылы қалада көліктердің жол қозғалысын реттеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 420 шақырымға жуық жол таңбалары сызылды. Жаяу жүргіншілер өткелі бойынша қаламызда 465 орын белгіленген. Оның ішінде ағымдағы жылы 420 жаяу жүргіншілер өткелі қайта сызылып жаңартылды. Бұл жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі үшін түнгі уақытта атқарылды.
Сонымен қатар, қала тұрғындары тарапынан жаяу жүргіншілер өткелін жаңарту туралы өтініштер жиі түседі. Алайда, аталған жаяу жүргіншілер өткелі ескірмеген, тек ауа-райы мен көлік ағынының жоғары болуына байланысты жол таңбалары кірленгені анықталды. Бұл ретте аудан әкімдіктері тарапынан тазалау жұмыстары жүргізілетін болады.
Айта кету керек, бұдан бөлек қаламызда соңғы жылдары жолдың сапасын жақсарту мақсатында ауқымды істер атқарылуда. Бүгінде Өтегенов көшесін жөндеуді екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңе Шымкент Сити шағын ауданынан Сырым батыр көшесі аралығы болса, екінші кезеңі Сырым батыр мен Төлеметов көшелерін құрайды. Сондай-ақ Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы үш деңгейлі жолайрық құрылысы жүріп жатса, Шығыс айналма жолының құрылыс жұмыстары 75 пайызға орындалған. Сонымен қатар, Оңтүстік айналма жолының да құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуе.