ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС — ЖЕМІСТІ НӘТИЖЕ

Бүгінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында көптеген игі бастамалар қолға алынып, жүзеге асырылды. Мәселен, аудан аппараты тарапынан су басу қауіпі бар аумақтарға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бірінші кезекте маңызды деген ирригациялық жүйелерді орнатуды қажет ететін көшелер тізімі анықталды.

Оның ішінде, 19 көшеге жалпы ұзындығы 11,7 км ирригациялық жүйелер орнатуға бюджеттен 214,2 млн. теңге қаржы қаралып, 19 көшеге ирригациялық жүйелерді орнату мақсатында 4 мердігер мекеме аңықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олар — «Серік бизнес құрылыс» ЖШС 8 нысан, «Сәулет 2012» ЖШС-6 нысан, «Montazh Stroy Sistem» ЖШС 4 нысан, «ДМ Строй Групп» ЖШС 1 нысан. Атап айтқанда, алдағы уақытта «Сәуле» шағынауданындағы Зерде көшесі, Көксай-2, Ақмешіт, Бөген, Жеңістің 50 жылдығы, Жаңабазар, Тұмарлы көшесі, «Бадам» шағынауданындағы Таусамалы көшелері, Шәймерденов көшесі мен С.Азимов көшелерінің қиылысы, Тәшенов көшесі мен Шолохов көшелерінің қиылысы, Республика даңғылы 19б үй аумағынан Қошқар ата өзеніне дейін, сонымен қатар Ә.Молдағұлова, Тобыл, Балдаурен, Айкөл, Макаренко көшесі; «Ескі қалашық» шағынауданы, «Көк сай-1» шағынауданындағы Анарова, Саттарханов және Ашурходжаев көшелерінің қиылысына дейінгі аралықтағы ирригациялық жүйеге қатысты мәселелер толығымен шешімін табады.

Бұдан бөлек, аудан аумағындағы 672 көпқабатты тұрғын үйлердің 40% ескірген үйлер болып табылады. 2011-2021 жылдары аралығында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аудан бойынша жалпы 93 көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2022 жылы 13 көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры, кіреберіс алаңы, жертөлесі және қасбеттеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ аудан аумағында 44 көпқабатты тұрғын үйде 107 лифт жұмыс жасайды. Қазіргі таңға дейін жалпы 27 лифт (22 лифт мемлекеттік бағдарлама аясында және 5 лифт демеушілер тарапынан) жаңартылған. Ал 62 лифтінің жағдайы орташа, 18 лифт жөндеуді қажет етеді. Әкімдік Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасымен бірлесіп, ескірген лифтілерді жаңарту бойынша тиісті жұмыстар атқаруда. Жалпы 2022 жылы 8 көпқабатты тұрғын үйдегі 14 лифт қондырғыларын ауыстыру жоспарлануда.