ШЫМКЕНТТЕ ҚОСАЛҚЫ СТАНСАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНУДА

119
0

Шымкент қаласы ҚС-110кВ құрылысы қуаттылығы 2х40мВА КЖ-110 Кв тұратын қосалқы стансаның құрылысы жүргізілмек, деп хабарлайды Uakit.kz.

Шымкент қаласының Республикадағы үшінші мегаполис атануына орай, қаланың бас жоспарына сәйкес Абай және Әл-Фараби аудандарына қарасты «Гранд Прак», «Атамұра», «Дендропарк» және «Тұмар» көпқабатты тұрғын үй кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандардың маңында әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-ағарту, коммерциялық түрлы нысандар қосымша бой көтеретін болады. Оған қажетті қуаттылық көлемі 24,03 мВт құрайды. Сондықтан серіктестік аталған тұрғын үй кешендерін қажетті қуатпен қамту үшін қуаттылығы 2х40мВА КЖ-110 Кв кабельді желісі бар 110/10-10 кВ қосалқы стансаның құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр.

Айта кету керек, жуырда «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесі 2023-2027 жылдарға арналған өзінің жаңа инвестициялық бағдарламасын ұсынған болатын. Инвестициялық жобаның құны 41,4 млрд. тенгені құрап отыр.

Инвестициялық жобаның негізгі мақсаты жүйелерді дамыту үшін қарастырылған. Мақсат — қайта құруды енгізу, электр құрылғыларын қайта жаңғырту, жаңа құрылысты жандандыру, жаңа техникалар мен технологияларды енгізу, автоматты жүйелер мен телемеханикалық өзгерістерді кіріктіру сынды ішкі жүйелерді дамыту. Осының нәтижесінде электр энергиясындағы жүйелерде энергия шығынын төмендету, жүйелерде апаттық сөну жағдайын азайтып, энергетикалық құрал-жабдықтардың физикалық тұрғыда ескірген түрлерін дер кезінде жаңарту, құрылғыларға қызмет көрсету мен жөндеу жағдайындағы тікелей шығындарды азайту, электр жүйелеріне жаңадан қосылатын тұтынушылар үшін ыңғайлы жағдай жасау мен жабдықтардың қауіпсіздігін азайту сынды бағыттарға қол жеткізу көзделіп отыр.