12 МЫҢНАН АСА КӘСІПКЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛГЕН

134
0

Шымкент қаласында әлеуметті жұмыспен қамту шаралары қарқынды түрде жүргізіліп келе жатыр. 2022 жылдың 2 тоқсандағы жағдайымен үшінші мегаполис бойынша жұмыссыздар саны 22 546 адамды құрайды. Жұмыссыздық деңгейі 5% шамасында.

Күні бүгінде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде  2022 жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 29 277 адам қатысты немесе жоспар 87,4% орындалып отыр. Кәсіби білім беру бойынша 2 392 адамды оқуға жолдау жоспарланған, нақты 3 354 адам оқуға жолданған.  Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 3050 адамға кәсіпкерлікті қолдау бағыты көрсетілетін болады, нақты 12 102 адамға кәсіпкерлік қолдау көрсетілген. Яғни жоспар 4 есе артығымен орындалып отыр. Оның ішінде 1 900 адамды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту жоспарланса, нақты 11 492 адам оқуға тіркелген. Яғни көрсеткіш 6 есе көп. 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру жоспарланған болса, нақты 610 адамға берілген (175 адам жастар, 435 адам осал топ қатарынан (14 адам атаулы әлеуметтік көмек алушылар, 8 адам асыраушысынан айырылған, 295 адам көп балалы отбасыларының мүшелері, 67 адам мүгедектігі бар балаларға қараушы, 61 адам мүмкіндігі шектеулі азаматтар). Жұмысқа орналастыру бойынша 23 239 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру  жоспарланған болса, нақты 8 777 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары  бойынша 2022 жылға 24 196 жұмыс орыны құрылатыны жоспарлануда. Оның ішінде ұлттық жобалар бойынша 10 552 (7584 уақытша, 2968 тұрақты) жұмыс орны, 13 644 орын жеке бастамамен құрылатын жұмыс орындары (жекеменшік есебінен іске қосылатын жеке меншік бала бақшалар, спорт кешендері, білім беру ұйымдары, дәріхана, асхана және басқада қызмет көрсететін ұйымдар). 2022 жылдың 1 қазанына 20 277 орын ашылған. Бұл жалпы жоспардың 84 пайызын құрайды. Құрылған жұмыс орындарының есебі арнайы автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жауапты салалық басқармалар тиісті мәліметтерін енгізуде. Құрылған жұмыс орындарына жұмыстан босаған азаматтар, яғни жұмыссыз азаматтар жолданатын болады. Міне, осылайша әлеуметтің әлеуетін көтеру бағытындағы бастамалар жемісті жүзеге асып келе жатыр. Айта кетерлігі, Шымкент қаласында шағын гранттар арқылы кәсібін бастап, нәсібін көруге ниеттілердің қатары қалыңдап келеді. Мұның өзі тиісті деңгейде жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесі екені айтпаса да белгілі.