ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫНА ТАЛАП КҮШЕЙГЕН

123
0

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Асқар Сейсенов қыс маусымына дайындық жоғары дәрежеде ұйымдастырылып отырғанын мәлімдеді,-деп хабарлайды uakit.kz Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар ол, арнайы техникалардың жарамдылығы мен техникалық жағдайын анықтауға талап күшейгенін айтты.

Қала күн сайын қанатын кеңге жайып келеді. Тиісінше шаһар тіршілігін қамтамасыз ететін мекемелерге коммуналды мәселелерге қатысты қойылар талап та күшейген.  Осыған орай коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын мекемелерінің тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бақылау күшейген.

Кеше синоптиктер өңірлерде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатынын ескертті. Соған сәйкес аймақтарда жауын-шашын күтіліп, басым бөлігінде қар түріндегі жауын болады. Таулы және тау бөктерінде қатты нөсер болатыны болжануда. Түнгі және таңалакеуімде тұман, көктайғақ болатыны хабарлануда.

Өз кезегінде жергілікті басшылық жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды пысықтады.  Бұл бағытта қажетті құм мен тұз, жанар жағармай қоры әзірленген. Инертті мартериалдардан бөлек, қажетті техникалар атап айтқанда сүргіштер, грейдерлер, самосвалдар, бульдозерлер, үйінді қарды шығаруға арналған техникаларда сақадай сай тұр.