ОТАНДЫҚ НАРЫҚҚА САПАЛЫ ӨНІМДЕР ШЫҒАРЫЛУДА

104
0

Шымкентте заманауи технологиясымен өндірілген кілемдер шетелге экспортталуда, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкент қаласындағы «Bal Tekstil» серіктестігі бұл — Орталық Азиядағы кілем шығаратын ең ірі фабрикалардың бірі болып табылады. Мұнда кілемнің 1500 дизайн жасалады. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша дистрибьюторлар саны 500-ге жуық. Кәсіпорын жылына 8 млн. шаршы метр кілем өнідіріп, 3 мың тонна жіп шығарады. Өнім полипропилен грануласынан жіп жасалады, әуелі ерітіледі, түрлі түске боялады, сосын талшыққа бөлінеді. Өнімді өндіруде Германия технологиясы қолданылады.
«Біздің өнімдердің сапасы басқа елдерден артық түспесе, кем түспейді. Шетелде тұрған станоктар бізде де орнатылған», — деді Нұрғали Тоқсанбай «Bal Tekstil» ЖШС өндіріс басшысы.
Сондай-ақ кілемдер инновациялық қондырғыларда нақты айтқанда Бельгиялық тоқыма құрылғысында тоқылады. Жұмыс жүйесі барынша автоматтандырылған. Дегенмен маманның да жұмысы талап етіледі. Иірілген жіптердің үзілген тұстарын қайта жалғау дәл осы мамандардың міндетіне жүктелген. Кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істейді. Онда үш ауысыммен 300-ге жуық маман жұмыс атқарады. Тоқылған кілем тығыздығына қарай сан түрлі сапаға бөлініп, алуан пішінде шығарылады. Отандық өнімнің сапасына сай сұраныста жыл сайын еселенуде. Кілемдер Қазақстан аумағында сауда нүктелерінде саудаланады, сондай-ақ шетелге яғни Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдеріне экспортталады. Өндірілген өнімнің сапасы жоғары, бағасы қолжетімді.
Айта кету керек, Шымкент қаласында 2022 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша 101 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді (заңды тұлғалар – 19,1 мың бірлік, жеке тұлғалар – 77,5 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 4,3 мың бірлік), өткен жылдың сәйкес кезеңіне бұл көрсеткіш 39%-ға өсім көрсетті. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 179,9 мың адам жетіп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға өскен. Өндірілген өнім көлемі бойынша 2022 жылдың 1-тоқсанында 317,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,1%-ға артқан. 2022 жылдың қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 36,2%-ды құрады.