Жалақыға бола жүйкесі жұқарғандар
Шымкенттің тап іргесіндегі Ақтас ауылында оқыс оқиға орын алды. Осындағы қоқыс өңдеу зауытының құрылысына қатысқан жұмысшылар уақытылы алынбаған жалақылары үшін жұмыс беру-шілермен қарулы қақтығысқа барды.
Маңдай терлерінің өтеуіне қол жеткізе алмаған жұмысшылардың әбден жүйкелері жұқарған болар, олар жұмыс берушілермен «есеп айырыспақ» болған. Жаппай төбелес кезінде атылған оқ салдарынан 9 азамат түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілсе, 32 жастағы жігіт аяғына тиген оқтан қансырап, қаза тапқан. Қазір оқ атқан азамат іздестірілуде. Күдіктінің кім екендігі де белгілі болғанға ұқсайды. Ол 1970 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны болса керек.
“Уақыт” — ақпарат.