ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Осы аптада Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркістан облысына іс сапармен келіп, Түркістан қаласындағы Ақжайық музыкалық мектебінде тұрғындарымен кездесті деп хабарлайды uakit.kz.
Ведомства басшысы тұрғындармен кездесу кезінде төтенше жағдай туындаған кезде халықты хабардар етуге, төтенше жағдайдың алдын алу және қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты өзекті сауалдарға жауап берді.
Сонымен қатар, Юрий Ильин су тасқыны, өрт қауіпті кезеңдердің өтуі, сел және көшкін жағдайы, жер сілкінісі кезінде ерте хабарлау жүйесін енгізу, қысқы кезеңдегі, оның ішінде жылыту маусымы кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерін қозғады.
Сапар аясында министр бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг өткізді. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, ведомствоның жұмысы, азаматтық қорғау жүйесін дамыту перспективалары, алда тұрған міндеттерді шешу туралы айтты.
Сонымен қатар, ведомства басшысы саладағы ардагерлермен кездесті. Жеке құраммен кездесті. Жеке құраммен кездесу кезінде ол азаматтық қорғаныс саласында қызмет етіп жүрген қызметкерлердің мәртебесін және жалақыны көтеру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты гарнизонның жеке құрамына жеткізді.
Сондай-ақ Юрий Ильин «Өңірдегі жағдай тұрақты. 2022 жылдың 10 айында облыста бес жүзден астам төтенше жағдай тіркелді. Бұл ретте қаза тапқандар саны 37% — ға азайды. Үш жүзге жуық азамат құтқарылды және эвакуацияланды», — деп атап өтті.
Жалпы, Түркістан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті жыл басынан бері төтенше жағдай орнына 3,5 мыңнан астам рет шықты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға арқаны айтылды.
Сонымен қатар министр аудандарды су басу мәселесіне тоқталды.
Өткен және осы аптада жауын-шашынның көп түсуіне байланысты кейбір аудандарды су басты. Министрліктің бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жою жұмыстарын, атап айтқанда жаңбыр суын бұру және сорып шығару жүргізді. Су басудың негізгі себебі – нөсер суын ағызу құрылғысы мен тұрғын үйлердің су қорғау белдеуі мен аймақтарында орналасуы проблемасы болып табылады.
Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу барысында Юрий Ильин өңір бойынша су тасқыны қауіпсіздігі туралы айта келе, Үкімет деңгейінде 2023 жылға дейінгі Жол картасы, өңірлік деңгейде Өңірлерді дамыту жоспарлары бекітілгенін атап өтті. Жоспарлы құжаттар 48 елді мекеннің 31-інде көктемгі су басу қаупін жоюға мүмкіндік берді.
Су тасқыны кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін министр жергілікті атқарушы органдардың Жол картасын уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етіп, жерді су қорғау белдеулерінен көшіру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Одан өзге өрт қауіпсіздігі шаралары туралы айтылды. 2022 жылдың 1 қазанынан бастап жылыту кезеңі басталды. Жылыту маусымында азаматтардың қаза болу қаупін азайту үшін ведомства тарапынан бірқатар шара қабылданды. Бірінші кезекте, республика бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының санын есептеу аяқталды. Олар көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектер. Түркістан облысы бойынша олардың саны 25 мыңнан асады.
Екіншісі, жылыту маусымы бойы жүргізілетін тұрғын үй секторындағы профилактика. Мұнда азаматтарға пештерді, электр жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ газ жабдықтары мен пропан баллондарды дұрыс пайдалану және сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсетіледі. Министр құтқарушылардың жауапкершілікке тартпайтынына, әдістемелік көмек көрсететіне баса назар аударды.
Бүгінгі таңда қызметкерлер облыс бойынша 70 мыңға жуық үйді аралады. Оның ішінде 68 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі бұзушылығы анықталды. 23 мыңнан астам оқиға орнында жойылды. Қалғандары бойынша ұсыныстар берілді.
Облыс бойынша әкімдікпен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп қосымша 35 мыңға жуық улы газды анықтайтын дабылқаққыш орнатылды. Олар қауіп туралы алдын ала хабардар етеді және азаматтардың қаза болуына жол бермейді. Жыл соңына дейін бір жарым мың датчик орнату жоспарлануда.