«НҰРЛЫ КӨШ»: БАСПАНАЛАР НИСЕГЕ РӘСІМДЕЛУДЕ

101
0
«Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы аясындағы баспаналарды банк арқылы несиелік негізде рәсімдеулер жүргізілуде, деп хабарлайды  Uakit.kz.
Шымкентте «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы аясында 613 азамат «Отбасы банк» арқылы ипотекалық несие рәсімдеп, бағдарламаның талабында көрсетілген шарттарды орындауда.Пилоттық жобаға енген 975 тұрғын үй Асар шағын ауданында орналасқан.Бұл үйлер 2010-2012 жылдары аталған бағдарлама шеңберінде Өзбекстан елінен көшіп келген қандастарға сатып алу құқығымен 8 жылға жалға берілген болатын. Енді тұрғындар «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы аясындағы баспаналарды банк арқылы несиелік негізде рәсімдеулері қажет. Осыған байланысты арнайы жоспар бекітілген.Осыны негізге ала отырып, «Отбасы банк» АҚ ШҚФ Қаратау ауданы әкімі аппараты, «Ел-Аманаты» қоғамдық бірлестігімен бірлесе тиісті жұмыстарды ары қарай жалғастыра бермек.
Бұдан бөлек, естеріңізде болса Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаты бойынша 48 азаматтың өтінімі мақұлданған болатын. Оның ішінде толық емес отбасылар,көпбалалы отбасылар, бюджеттік ұйым және мемлекеттік қызметшілер бар.
Айта кету керек, Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр. Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы », «5-10-20 Шаңырақ» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде беріледі. Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір үміткер үшін 1 млн. (бір миллион) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.Тұрғын үй сертификатын алушылар санатына мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар сондай ақ Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер жатады.