ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ШАРАЛАРЫНА ЕРІКТІЛЕР ДЕ ҚАТЫСАДЫ
Түркістан қаласында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық шаралар ұдайы ұйымдастырылып келеді. Жылыту маусымына орай Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға өрт қауісіздігін сақтау талаптарын жүйелі түрде түсіндіруде. Мұндай профилактикалық шараларға түркістандық еріктілер де тартылған.
Бұл туралы Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мейрамхан Базарбек айтты,-деп хабарлайды uakit.kz.
Өз кезегінде ол Amanat партиясының Жастар рухы жастар қанатының мүшелері жыл сайын басқарма тарапынан ұйымдастырылатын шараларға ерікті ретінде қатысатынын алға тартады. Бұл бағытта арнайы меморандум жасалады.
«Олар басқарма тарапынан ұйымдастырылған рейдтерге шығады. Сонымен қатар тұрғын үй секторлары иелеріне өрт қауіпсіздігі туралы жадынама парақшаларын таратады. Ал өрт қауіпсіздігі ережелерін басқарма қызметкерлері яғни, өзіміз жүргіземіз»,-деді.