ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

100
0
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алуға өтінім берген жобалар бойынша комиссия отырысы өткізілді.
Жоба аясында 4 грант беріледі, олардың әрқайсысы 1 миллион теңгеден. Гранттар «Мәдениет», «Еріктілік», «Медиа» бағыттары бойынша жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде жүзеге асырылуда. Жобаға Шымкент қаласының жасы 14-тен кіші емес және жасы 29-дан үлкен емес 50 жас жобаға қатысты. Толығымен 12 жоба ұсынылып, комиссия отырысында 4 жоба жеңімпаз деп танылды. «Мәдениет» бағытында – Калиев Салих «Жігерлі жүрек» жобасы «Еріктілік» бағытында 2 грант – Жолдасбай Дияра, Досымбетова Адема «Қолайлы спорт алаң» жобасы, Ауганбаев Темур «Зиянды әдеттер» жобасы, «Медиа» бағытында – Нұрланұлы Елнұр «Mobi log» жобасы. Комиссия мүшелері — Оспаналиева Рашкүл Жалелқызы, Балтабаев Талғат Дүйсебайұлы, Садибеков Бижан Әбдіғаппарұлы, Қарғабай Астана Алпысбайұылы, Байзақова Сабира, Исмайлов Сейдулла Кеңесбайұлы. Комиссия отырысында барлық жобалар бойынша жекелей талқылап, үздік деп таныған жобаны жеңімпаз деп таңдады. Алдағы күндері жеңімпаз деп танылған жобалардың жүзеге асырылуы туралы ақпараттар жарияланатын болады. Айта кету керек, грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады. Конкурсқа жасы 14-тен кем емес және 29-дан аспайтын Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы үміткер бола алады. Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі. «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған, «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған, «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және дайындауға арналған, «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған, «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.