ШЫМКЕНТТЕ САПАЛЫ ЖИҺАЗДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

102
0
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов “Тассай” индустриялды аймағында орналасқан “ШЫМКАЙ” кәсіпорнына барып, жұмыс барысын көрді. Жеке кәсіп иесі Шымкентте жиһаз шығарумен 2019 жылдан бері айналысып келеді. Цехты ашу үшін 750 млн. тг инвестиция салынған. Қазір мұнда жылына 54 000 дана жиһаз жасалынады.
“ШЫМКАЙ” ЖШС-на 2019 жылы “Тассай” индустриялды аймағынан жиһаз цехын ашу үшін мемлекет 10 жылға жалға беру мерзімімен 2 гектар жер берген. Бүгінде кәсіптің тасы өрге домалап, 50 адама тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Қала әкімі кәсіпорын басшысы мен ұжымға мегаполис экономикасының ілгерілеуі жолында атқарып жатқан жұмыстарына алғысын білдіріп, әкімдік тарапынан да барынша қолдау танытатынын жеткізді. Бұдан бөлек, бүгінде «Оңтүстік» индустриалды аймағында көптеген кәсіпорындар жұмысын жемісті жүргізіп келеді. Солардың бірі — «Шымкент Темір» ЖШС. Мекеме болат блюм шығарады. Мұнда жартылай дайын өнімдер 40 тонналық индукциялық пештерде, болатты пештен тыс өңдеу құрылғысында жəне үш ағынды үздіксіз құю машиналарында құйылады. Жоба Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Жобаға 5,94 миллиард теңге инвестиция тартылған. Кəсіпорынның жобалық қуаты – жылына 300 мың тонна құйма түріндегі болат блюм шығару.  Кәсіпорынның аумағы 21 гектар. Өндіріс ошағы 2017 жылы 15 ақпанда іске қосылған. Небәрі 5 жыл өтсе де, зауыт алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың біріне айналды. Өнімнің сапасы жоғары болғандықтан соңғы уақытта шет мемлекеттерден сұраныс көлемі артқан. Оның ішінде Өзбекстан мен Қытай елі бар. Және Қазақстанның барлық аумағын қамтып отыр. Мұнда қазірдің өзінде 450 адам жұмыс істейді, өндіріс кеңейген соң жаңа 150 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Айта кетейік, «Shymkent Temir» ЖШС-де қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында зауыт басшысы  шетелден тəжірибелі мамандарды тұрақты түрде шақырып тұрады. Олардан түрлі дәріс алып, соңғы үлгідегі озық технологиялармен танысуға мүмкіндік алады. Осылайша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында  айтылған экономиканы әртараптандыру, өндірілетін тауарлардың түрін көбейтіп, экспорт географиясын кеңейту жөнінде нақты тапсырмалар Шымкентте жүйелі түрде жүзеге асуда.