СПОРТТЫ ДАМЫТУ ІСІ БАСТЫ БАҚЫЛАУДА

212
0

Үшінші мегаполисте спорт саласына айрықша қолдау көрсетіліп келеді. Қалада спорттың нысандар күрделі жөндеуден өтуде. Сонымен қатар жаңадан бой көтеріп жатқан нысандар да бар. Осының арқасында саладағы жетістіктер де көбейіп жатыр. Нақты сандарды сөйлетейік…

Соңғы статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, Шымкентте 3 ҚР Еңбегі сіңген спорт шебері, 32 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 148 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 232 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды. Қала спортшылары спорт түрлері бойынша ҚР чемпионаттарына қатысып, 416 алтын, 372 күміс, 398 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионаттарында қала спортшылары 39 алтын, 18 күміс және 24 қолаға қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 28 алтын, 15 күміс және 8 қола медальға ие болды. Дүниежүзілік гимназия ойындарында 11 спорт түрінен 23 спортшы қатысып, нәтижесінде 5 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Европа чемпионаттарында 2 спорт түрінен 10 спортшымыз қатысып, нәтижесінде 9 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль жеңді. Сонымен қатар, 2022 жылғы 1-15 мамыр күндері Кашиас-ду-Сул қаласында /Бразилия/ өткен ХХIV Сурдлимпиада ойындарына еркін күрестен 70 кг. салмақта Рсалы Сабыржан және 65 кг.салмақта Пернеш Шадияр қатысты. Нәтижесінде Рсалы Сабыржан 2 орын, Пернеш Шадияр 5 орынды жеңіп алды. Айта кету керек, соңғы жылдары үшінші мегаполисте бұқаралық спортты дамыту бағытында ауқымды бастамалар қолға алынып келе жатыр. Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында спорт алаңшалары көптеп ашылуда. Бұдан бөлек, салауатты өсір салтын насихаттайтын түрлі сайыстар да ұйымдастырылуда. Оның ауқымы да уақыт өткен сайын ұлғайып келе жатыр. Айта кету керек, жуырда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам тұрғын алабында орналасқан №12 спорт мектебінде болып, қосымша корпустың құрылыс жұмыстарымен танысты. Нысан екі ауысымда жұмыс атқарады. Бір ауысымда 147 адам оқу-жаттығумен айналыса алады. Одан соң мұнда 252 спортшы сыятын түрлі спорттық жарыстар өткізуге мүмкіндік жасалмақ. Кешен ғимараты 3 қабаттан тұрады. Жертөледе пауерлифтинг оқу-жаттығу залы, ауыр атлетика оқу-жаттығу залы, киім ауыстыру, душ бөлмелері, тренер және инструктор бөлмелері, төрешілер бөлмесі қарастырылған. Бірінші қабатта вестюбиль-фойе, күзетші бөлмесі, киім бөлмесі, 18 орынға асхана, 210 орынға көрермендер трибунасы бар әмбебап спортзал, киім ауыстыру, душ бөлмелері, тренер және инструктор бөлмелері, төрешілер бөлмесі, медпункт болады. Ал екінші қабатта холл, демалыс орны, бокс, күрес, бадминтон спорт түрлерінен оқу-жаттығу залдары қарастырылған. Жобаның аяқталу мерзімі 2023 жылға жоспарлануда.