ЖЕКЕ ҚҰРАМ ЖЕТКЕНШЕ ӨРТ СӨНДІРІЛДІ

Осы жылдың 16-қыркүйегінде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне хабарлама келіп түседі.

Түнгі сағат 22:22-де келіп түскен хабарламада қаладағы Сегізсері көшесінің бойындағы трансформаторда от шығып жатқаны хабарланады. Оқиға орнына №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары жеті минутта АЦ-5,0-40 (43253)-011,  және АЦ-8,0-70 (43118) 013  өрт сөндіру автокөліктерімен жедел жетеді. Оқиға орнына жеткен кезде өрт сөндірушілер Сегізсері №39 үйдің жанында «КТП-Н» трансформаторы жанғанын, бірақ жеке құрам жеткенше өрт сөндірілгенін анықтайды.

Зардап шеккендер болмады.

Оқиғаға байланысты өрт сөндірушілер қандай жағдай болмасын өртті өз бетінше ауыздықтамас бұрын құтқарушыларға қоғырау шалу қажеттігін ескертті.