ҚҰРҒАҚ ШӨПТІ ӨРТЕУ КӨП ҚАУІП ӘКЕЛЕДІ

Ағымдағы жылдың 5-қыркүйегінде күндізгі сағат 12:43-те Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші бөліміне қаладағы Парасат көшесі №27 үйдің жанындағы телімде қураған шөп жанып жатқаны туралы хабарлама түсті,-деп хабарлайды uakit.kz.

Келіп түскен хабарлама бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары оқиға орнына өрт сөндіру автокөлігімен   сағат 12:44-те  шығып, сағат 12:50-де жетеді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде Парасат көшесіндегі №27 үй жанындағы телімде шамамен 40 келі шөп жанғаны анықталады.

Бұл оқиғаға байланысты өрт сөндірушілер азаматтар жану жағдайына жүрдім-бардым қарамау қажеттігін ескертеді.

Сонымен қатар төтеншеліктер көктем-жаз айларында өрттердің көпшілігі құрғақ шөпті бақылаусыз жағудан басталатынын алға тартады.  Яғни, тұрғындар шөптерді жағуды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай жүргізеді.  Мұндай өрттің елді мекендерге, шаруашылық объектілеріне, орман қоры жерлеріне таралуына әкеп соғады. Өрт кезінде адамдар өледі және үйлерінен айырылады, табиғи ресурстар мен материалдық құндылықтар мағынасыз жоғалады. Одан пайда болатын будақ-будақ қара түтін ауаға араласып, атмосфераны бұзады.

Жалпы құрғақ шөптерді жағудың табиғатқа да адамзатқа да ешқандай пайдасы жоқ. Керісінше мұндай жағдай жас шөптің өсуін тездетеді. Миллиондаған жылдар бойы көктемнің келуімен жасыл шөптер адам қолымен жанбай әдемі өсті деп санайтындар аз. Керісінше, құрғақ шөпті жағу арқылы табиғатқа айтарлықтай зиян келтіреміз. Қарашіріктің табиғи түзілу процесі бұзылып, сол арқылы топырақ құнарлығы азаяды. Өрттерден кейін шөптер аман қалады және ең қарапайым шөптер, әр түрлі арамшөптер бірінші болып өседі. Өрт кезінде жәндіктер, соның ішінде өсімдіктердің тозаңдандырғыштары жойылады, жерде мекендейтін құстардың ұя салатын орындары мен төсеніштері өртенеді. Шөпті өртеген кезде топырақтың пайдалы микроорганизмдері, соның ішінде өсімдіктердің ауруға қарсы тұруына көмектесетін микроорганизмдер өледі. Күшті шөп өртінде шөпте немесе топырақ бетінде тұратын сүтқоректілердің барлығы дерлік өрттен өледі немесе түтінге тұншығады.

Сол үшін де құрғақ  шөптің бақылаусыз жағатындарға  әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.