ҚОЙМАДАҒЫ ӨРТ ДЕР КЕЗІНДЕ ОҚШАУЛАНДЫ

Ағымдағы жылдың 2-қыркүйегінде сағат 19:21-де Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші патрульіне кезекті хабарлама  түсті. Хабарламаның мазмұны –  Түркістан қаласындағы Ыбыраев көшесіндегі Мырзабек дүкенінде өрттің орын алуы болды.

Оқиға байланысты №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы АЦ-5-40 (43253)-011  және АЦ-8,0-70(43118)-013 өрт сөндіру автокөліктерімен   хабарламада көрсетілген мекенжайға 13 минутта (сағат 19:34) жетеді.

Бұл өрт оқиғасы кезінде ауданы 120 шаршы метрді құрайтын қойманың ішінде  көлемі 60 шаршы метр аумаққа қойылған үй заттарын қызыл жалын күлге айналдырады.

Өрт ауыздықталады. Оқиғаға байланысты құтқарушылар азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сауды түсіндіреді.