ҚАУІП ҚҰРЫЛЫС ҚАЛДЫҒЫН ЖАҒУДАН БОЛДЫ

 

Ағымдағы жылдың 2-қазанында Түркістан қаласындағы Мәдениет көшесінің бойында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алды.

Бұл туралы хабарлама  Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші патрульіне  сағат 16:51-де түседі. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 17:07-де жетеді. Оқиға жалпы көлемі 15х15 метрді құрайтын құрылысы толық бітпеген үйде болған. Үйдің ішінде ауданы 4 шаршы метр болатын қоқыс жанған. Сонымен қатар бірінші жаппасының 4 шаршы метр ағаш қаңқалары  өртенген. Құтқарушылар  АЦ-5-40 (43253)-011  және АЦ-8,0-70(43118)-013 өрт сөндіру автокөліктерімен   жеткенге  дейін азаматтар өз бетінше өртті сөндірген.

Оқиғаға байланысты құтқарушылар азаматтарға қоқыс қалдықтарын жағу қауіпті жағдайларға апаратынын ескертеді.