ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ 60 ПАЙЫЗЫ ЖАҢА

Түркістан қаласы  №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жарақтандырылған,-деп хабарлайды uakit.kz.

Өрт сөндіру депосының uakit.kz-ке берген мәліметіне сүйенсек, бөлімде барлығы 9 техника бар. Атап айтқанда 1 бірлік негізгі техника — 1-АЦ, 1 бірлік арнайы техника -1-АКП 50 техникалары. Сонымен қатар  7 көмекші техникалар: су тасымалдаушы (водавоз) техника (1 бірлік),  вахталық автобус (1 бірлік), өздігінен түсіргіш (самосвал) техникасы (1 бірлік), Nexia маркалы қызметтік жеңіл автокөлігі (1 бірлік), УАЗ (1 бірлік), АБР (1 бірлік), КШМ (1 бірлік) техникалары.

Өз кезегінде 1-АЦ техникасы өртті сөндіретін негізгі техника. Ал вахталық автобус 24 адамға лайықталған.

Өрт сөндіру техникасы өрттен адамдарды құтқаруға, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдар. Өрт сөндіру техникасының негізін өрт сөндіру машиналары (өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіру пойызы, өрт сөндіру кемесі, өрт сөндіру ұшағы мен тікұшағы) құрайды. Өртенген жерлерге от сөндіргіш заттар шашуға арналған өрт сөндіргіш орнықты қондырғылар, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары, т.б. өрт сөндіру құрал-жабдықтары өрт сөндіру техникасы қатарына жатады. ХХ ғасырлардың бас кезінен өрт сөндіру ісіне химиялық көбіктер пайдаланылуда.

Өрт сөндіру автомобильдері негізгі, арнаулы және көмекші деп үш түрге бөлінеді. Негізгі өрт сөндіру автомобильдеріне автоцистернамен, қол сорғылармен, автосорғылармен, сорғы станцияларымен жабдықталған газды су, көбіктенген ауа, ұнтақты өрт сөндіргіш заттар шашатын автомобильдер жатады. Олар өрт ошағына сөндіргіш заттар шашады. Автоцистерналы өрт сөндіру автомобилі өрт ошағына шашылатын өрт сөндіргіш заттармен бірге өрт сөндірушілерді де алып жүреді және өрт сөндіруге қажет әртүрлі құрал-жабдықтармен жабдықталады. Өрт сөндіру сатысы, жарықтандыру, техникалық, т.б. мақсаттарға арналған құралдармен жабдықталған автомобиль арнайы өрт сөндіру автомобилі деп аталады. Өрт сөндіру автомобилі өрт ошағына өрт сөндірушілерді, бөлме ішінен түтін соратын және оған таза ауа айдайтын, үйді бұзатын не тесетін, жөндейтін, т.б. құрал-жабдықтарды тасиды. Көмекші өрт сөндіру автомобилі ірі өрт сөндіру кезінде өрт сөндіру техникасының жұмысына көмек (жанар май құю, жөндеу, техникалық қызмет көрсету) көрсетеді және т.б мақсаттар үшін пайдаланылады. Барлық өрт сөндіру автомобилдерін өзге көлік түрлерінен оңай ажырату үшін қызыл түске (немесе қызыл және ақ) бояйды. Өрт сөндіру автомобилдері көк сәулелі шамшырақпен және сиренамен жабдықталады.