ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР САНЫ 104 МЫҢНАН АСТЫ

86
0
Шымкентте шағын және орта кәсіпкерліктің іскерлік белсендігі тұрақты артып келеді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдаудың бірнеше түрі бар.
Мысалы, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарлама аясында 7,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, 3 592 жобаға қолдау көрсетілді.
«Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 81 жоба жүзеге асты. Бұдан бөлек, қабылданған өңірлік «Іскер қала» бағдарламасы да оң нәтиже беруде. Биылғы 556,1 млн. теңгеге 62 жоба қаржыландырылды. Кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі үшін «Shymkent–Atameken» микроқаржы ұйымы арқылы кәсіпкерлерге 1,3 млрд. теңгеге дейін 6 пайыздық несие берілуде. Жыл басынан бері 129 жобаға қолдау көрсетілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, қалада белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандар саны 104 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 40,7 пайызға артты. Бұл туралы шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалалық мәслихат сессиясының ХХІІ кезекті отырысында баяндады.
Айта кету керек, Шымкент қаласының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасынның мәліметінше жалпы жыл басынан өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 666,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 6,7 пайызға артса, қала экономикасына 327,9 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға жеткен. Бөлшек саудасын келсек оның көлемі 417,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға артқан. Ал өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 590,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем  индексі 8,1 пайызға артып отыр. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 2022 жылға жалпы 3 689,2 млн. теңге бөлінген, оның ішінде РБ – 48,7 млн. теңге, ЖБ – 3 640,5 млн. теңге. 2022 жылдың 1 қазан жағдайы бойынша 3 527,9 млн. теңге жоспарланып, 3 481,9 млн. теңге толығымен 98,7% игерілген.