ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАР САНЫ 400 МЫҢНАН АСТЫ

93
0

Бүгінгі таңда статистикалық есеп бойынша Шымкент қаласында дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 402 544 мың адамға жеткен. Бұл  барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 36,2 % екенін көрсетеді.

Қаладағы спорттық инфрақұрылым мәселесі Бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты екені белгілі. Қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны 933-ке жетті. Биылғы жылдың бюджет есебінен қаламызда 3 спорт нысаны яғни «Шымкент қаласындағы «Металлург» стадионы, «Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында №12 спорт мектебі және  «Шымкент қаласы Бозарық-3 шағын ауданындағы қалалық №20 спорт мектебі, ал жеке инвесторлар арқылы 4 спорт нысан. Олар үстел теннисіне арналған спорт нысанының құрылысы, жаңа ипподромның құрылысы, «SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы және де «TURAN ГХА» спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет есебінен құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Металлург» стадионы 2020 жылы басталған, аталмыш нысан 2023 жылға өтпелі. Қазіргі уақытта, спортшылар үйінің құрылысы 100 пайыз аяқталды. Ал, Сайрам тұрғын алабында №12 спорт мектебінің қосымша корпусының да құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған, бұл нысан да 2023 жылға өтпелі болып табылады. Қазіргі уақытта, нысанның құрылыс монтаж жұмыстары қызу жүргізілуде. Сондай-ақ, Бозарық-3 шағын ауданындағы қалалық №20 спорт мектебінің спорт ғимаратының құрылысы 2022 жылы бастау алған. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. Қазіргі уақытта, жер жұмыстары, ірге тасын құю жұмыстары, 1 қабат қабырғаларын кірпішпен өру жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта, 2 қабат қабырғаларын кірпішпен қалау жұмыстары жүргізілуде. Инвестор тарапынан салынған «Үстел теннисі» спорт нысанының құрылысын «Отау Строй» компаниясының есебінен жүргізілді. Құрылыс жұмыстары 100 пайыз аяқталып, құжаттарын заңдастыру жұмыстары жүргізуде. Сонымен қатар, «Ипподром» құрылысын «BI Group» компаниясы жргізуде. Аталмыш нысанды 2022 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «SPORT LIFE» футбол орталығының 4 футбол ангарының қаңқасы тұрғызылып, сыртқы қаптау жұмыстары аяқталған. Қазіргі уақытта, ангар ішіне қажетті жабдықтар орнатылды. Сонымен қатар, қосымша ғимарат қабырғалары қалалынып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, «TURAN ГХА» спорт нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.