ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ТОҚТАП ҚАЛҒАН ЖҮРЕКТІ ҚАЙТА ТІРІЛТТІ
Шымкент қалалық №2 ауруханасына 22-сәуір күні түнгі сағат 00:10 шамасында жедел-жәрдеммен елу екі жастағы қала тұрғыны аса ауыр жағдайда жеткізілді. Дәрігерлер науқасты бірден жансақтау бөліміне жатқызып, тексеру жұмыстарын жүргізген.
Ауруханаға жетер жолда клиникалық өлімді бастап кешкен азаматша бұған дейін яғни 2016 жылы инсульт алғаны анықталды. Қиындықтарға қарамастан дәрігерлер науқасқа дер кезінде көмекке келді. Дәрігерлердің ептілігі, әрі біліктілігінің арқасында ауыр халдегі жүрегі тоқтап қалған науқастың күретамыр тынысы кенет қайта соқты. Өмірге қайта келгендей әсерде болған шымкенттік жерлесіміз екі күн бойы өмір мен өлім арасында арпалысқан ақ халатты абзал жандарға алғысын жаудырды. Пациент үшінші күні жансақтау бөлімінен кардиология бөлімшесіне ауыстырылды. «Науқастың түскен кездегі жағдайы өте ауыр болды. Клиникалық өліммен жеткізілді. Түскен кезде алғашқы көмек көрсетіп, ИВЛ аппаратына қостық. Қазіргі жағдайы тұрақты, науқас кислородсыз өздігімен демалуда», –дейді реанимация бөлімінің меңгерушісі Ержан Шераліұлы. Науқастың қазіргі жағдайы қалыпты. Толық емін алып болған соң отбасына оралатын болады.
Айта керу керек, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты жоғары медицина колледжі – Қазақстандағы орта медициналық білімі бар кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша көне оқу орындардың бірі болып табылады. 2022-2023 оқу жылында 592 білім алушы мемлекеттік тапсырыс негізінде колледжге қабылданды. Бұл көрсеткіш 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 424 білім алушыға артты. Оның 45 %-ы мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алушыларды құрайды.
Аталған білім ордасында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алатын студенттердің жан басына мемлекет есебінен киім-кешекке жылына 199 700 теңге, бітіруші түлектерге 288 800 теңге, тамақтануға күніне 1 500 теңге қаралған. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын 20 бала күнделікті ыстық тамақпен және ай сайынғы 30% үстемесі бар шәкіртақымен қамтамасыз етілген.