ҰЛТТЫҚ ЖОБА ШЕҢБЕРІНДЕ ҚЫРУАР ІС АТҚАРЫЛУДА

92
0

Үшінші мегаполисте «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында қарқынды жұмыс жүргізілуде. Ұлттық жобасы шеңберінде ана мен бала денсаулығын қорғау саласында, балалардың, мүгедек балалардың құқықтарын іске асыру бойынша ауқымды шаралар атқарылуда.

Ауруларды уақтылы анықтау және балалар мүгедектігін төмендету мақсатында ерте жастағы балаларды проактивті скринингтермен (неонаталдық, аудиологиялық, офтальмологиялық, психофизикалық) қамту 86% — ға дейін өсті. Ал, балаларға мамандандырылған көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында Қалалық клиникалық балалар ауруханасының материалдық-техникалық жарақтандырылуы 96% — ға дейін жақсартылды, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ бұрын болмаған онкогематология, нейрохирургия, интервенциялық кардиохирургия, нефрология бөлімшелері де ашылды. Қазіргі уақытта осы жабдықтың көмегімен церебральды сал ауруы, орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары, ісіктер, гематомалар, ми тамырларының тромбозы сияқты күрделі операциялар мен манипуляциялар жүргізілуде. Жыл басынан бері ҚКБ-да 76  нейрохирургиялық операция жасалды. Қаланың балаларды оңалту қызметі дамып келеді.  Қазіргі уақытта  жалпы Шымкент қаласы бойынша  9 медициналық ұйымда қалпына келтіру мен оңалту емі  жүргізілуде. Мүмкіндігі шектеулі балаларға оңалту көмегі 4 мемлекеттік орталықта Оңалту орталығы №1, Оңалту орталығы №2 және оңалту орталығы «Мейірім», Оңалту орталығы «Мать и дитя» және 5 мемлекеттік тапсырыс алған  ЖШС «Эскулап», «Планета здоровья деток», «Medikal City», «Kzhol Shymkent», «Нури — мед»  жүргізіледі. Жалпы  тәуліктік  балалар  төсек-орын саны — 391, күндізгі төсек орын саны -101. 2022 жылдың 6 айдың қортыныдысымен 3773 бала оңалтудан өткен, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 865 балаға  көп. Сондай-ақ тәулік бойы стационарда 2842 бала қаралса, күндізгі стационарда 931 бала оңалтудан өткен. Сонымен қатар, жүйке жүйесі ауруларымен диспансерлік есепте тұрған барлық 7975 баланың 2497 (31,3%), оның ішінде 1158 баланың 893 (77,1%) «Церебралды сал ауруы» диагнозымен оңалтудан өтті.  Оңалтудан өткен балалардың  1891 немесе 50,1% мүгедек балалар.  Оңалту орталықтары  дәрігер реабилитологтармен, педагог мамандармен қамтамасыз етілген. Оңалту орталықтарының материалдық-техникалық жабдықталуы бойынша 83% құрап отыр.