ДӘРІХАНАЛАРДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ САҚТАЛУ ТАЛАПТАРЫ ҚАНДАЙ?

Транзиттi электр кабельдерi өтетiн жайларда, сондай-ақ газ коммуникациялары мен май сiңген аппаратуралар бар үй-жайларда сақтауға;

Өнiмдi үйiп-төгiп сақтауға және оны жылу бергіш радиаторлар мен құбырларға жанастыра орналастыруға;

Материалдарды тiкелей қоймаларда ашуға және буып-түюге болмайды.

Қалқа астында ылғалды ауадан немесе судан шiрiмейтiн, қызбайтын және тұтанбайтын химиялық заттарды сақтау жүзеге асырылады.

Материалдық құндылықтар қатаң түрде ассортиментке сәйкес сақталады, бұл ретте оңай тұтанатын сұйықтықтарды басқа материалдармен бiрге сақтауға болмайды.

Пластмасса бұйымдары желдетiлетiн, қараңғы, құрғақ үй-жайда бөлме температурасында, жылу беру жүйелерiнен 1 метрден кем емес қашықтықта сақталады.

Өрт немесе жану шыққан жағдайда тиiстi бөлiмшелердiң басшылары өртке қарсы қызметін олар келіп жеткен бойда улы және жарылыс қауіптi заттардың бар-жоғы және сақталу орындары туралы хабардар етеді.

От қауiптi және жарылыс қауiптi дәрi-дәрмек құралдары бiртектiлiк қағидасы бойынша және олардың физикалық-химиялық және өрт қауiптi қасиеттерiне және орау сипатына сәйкес сақталады.

От қауiптi және жарылыс қауiптi дәрi-дәрмек құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар жанбайтын және төзiмдi сөрелермен және тұғырлармен қамтамасыз етiледi.

Оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар енi 0,7 метрден кем емес және биiктiгi 1,2 метрден кем емес есiктерi бар жапсарлас, жанбайтын шкафтарда сақталынады.

От қауiптi және жарылыс қауiптi заттар қоймасы үй-жайларының есiктерi ғимараттан шығатын жаққа қарай бағыта ашылады.

100 килограмнан астам мөлшердегi оңай тұтанатын сұйықтықтар бөлек тұрған ғимаратта шыны немесе металл ыдыста өзге топтардағы от қауiптi заттарды сақтау үй-жайларынан оқшау сақталады.

От қауiптi және жарылыс қауiптi заттар сақталатын үй-жайларға кіре берісте «Өрт қауіпсіздігіне жауапты (жауапты тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда)» жазбасы бар тақтайшалар ілінеді. Жауапты адам қалған от қауiптi және жарылыс қауiптi заттарды жинау және жұмыс күнi соңында өзге де шаралар жүргiзу мақсатымен күн сайын үй-жайға тексерiс жүргiзедi.

Тез тұтанатын және жанғыш сұйық дәрi-дәрмек құралдарын:

— толықтай толтырылған контейнерде сақтауға жол берiлмейдi. Толтыру деңгейi көлемнiң 90 пайызынан аспайтындай етiп көзделеді. Көп мөлшердегi спирттер көлемнiң 95 пайызынан аспайтындай етіп толтырылатын металл сыйымдылықтарда сақталады;

— минералды қышқылдармен (күкiрт, азот және өзге де қышқылдармен), сығылған және сұйылтылған газдармен, тез жанғыш заттармен, сондай-ақ органикалық заттармен жарылыс қауiптi қоспалар беретiн (хлорат калийi, перманганат калийi) бейорганикалық тұздармен сақтауға жол берiлмейдi.

— Жанғыш және жарылыс қауіпті дәрілік құралдар қалың қабырғалы тығыз жабылған контейнерлерде (бөтелке, банка, барабандар) жапқыш құралдары парафинмен құйылып сақталады.