ГАЗБЕН ДӘНЕКЕРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘРТІБІ
Тұрақты дәнекерлеу жұмыстары конструкциялары жанбайтын материалдардан жасалған, ацетилен генераторлары, оттегi баллондары мен дәнекерлеу бекеттерi үшiн оқшауланған үй-жайлары бар, арнайы бөлiнген дәнекерлеу шеберханаларында жүргiзiледi. Ацетилен генераторларына арналған үй-жайлар желдеткiшпен және жеңiл алынып тасталатын конструкциялармен қамтамасыз етiледi. Генераторларды жертөле үй-жайларына орнатуға болмайды.
Тасымалданатын ацетилен генераторларын пайдалануға рұқсатты қарамағында осы генераторлар болатын объектiнiң әкiмшiлiгi бередi.
Тасымалданатын ацетилен генераторлары ашық алаңдарда орнатылады. Оларды жақсы желдетiлетiн үй-жайларда уақытша қолдануға жол берiледi.
Генераторларды жертөле үй-жайларында орнатуға жол берiлмейдi.
Ацетилен генераторлары от жұмыстарын жүргізу орындарынан, сондай-ақ компрессорлармен және желдеткіштермен ауа жинау орындарынан кемінде 10 метр қашықтықта қоршалады және орналастырылады.
Ацетилен генераторлары орнатылған жерлерге «Бөгде адамдарға кiруге болмайды – от қауiптi», «Темекi шегуге болмайды», «Отпен өтуге болмайды» деген аншлагтар (плакаттар) iлiнедi.
Жұмыс аяқталғаннан кейiн тасымалданатын генератордағы кальций карбидi шығарылады. Генератордан шығарылатын әк лайы осы мақсатқа лайықталған ыдысқа шығарылады және лай шұңқырына немесе арнайы бункерге ағызылады.