КӨЛІК ҚҰЖАТЫМЕН ҚОСА ӨРТЕНЕДІ

Осы жылдың 18 шілдесінде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс бөліміне жеңіл автокөлікте өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түседі. Хабарламада оқыс оқиға қаладағы Алпамыс батыр көшесі бойындағы үйде болып жатқаны айтылады.

Бұл туралы хабарлама №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде сағат 17:18-де тіркеледі.

Осыған орай №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 17:24-те жетеді. Оқиға салдарынан «ВАЗ 2111» маркалы автокөлік құжатымен қоса өртенеді.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бұл оқиға бойынша жинақталған құжаттарды ҚР Бас прокурорының 19.09.2014 жылғы №89 бұйрығы, 2 бөлім, 14 тармақ, 1 пунктіне және «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекітур туралы» ҚР ІІМ 03.03.2015 жылғы №175 бұйрығының 5 бөлімі, 16 тармағын басшылыққа ала отырып, номенклатуралық іске шығарады.