АПАТ АҒАШ ҚАЛДЫҚТАРЫНАН БОЛҒАН

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде сағат 12:41-де Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері кезекші диспетчерге келіп түскен хабарлама бойынша оқиға орнына жетеді.

Өрт сөндірушілер хабарламада көрсетілген Жансүгіров көшесінде орналасқан үйге жеткен кезде тұрғын үйдің ауласындағы әжетхананың ішінде ағаш қалдықтарының жанғанын анықтайды. Сонымен қатар қызыл жалын әжетхананың төбе жаппасына да жетіп, жанған.

Бұл оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Ағаш қалдықтарының жануы салдарынан оқыс оқиғалар жиі тіркеледі. Мысалы, осы жылдың 26 шілдесінде күндізгі сағат 14:20-да  №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Маяқұм көшесі нөмірсіз үйде ағаштардың жанып жатқаны туралы қоңырау түседі.

Хабарлама бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері АЦ-5-40(43253)-011, АЦ-8-70(43118) өрт сөндіру автокөлігімен оқиға орнына сағат 14:44-те жетеді.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде тұрғын үйдің ауласында ағаш қалдықтары мен ескі терезе жабдықтарының түтеп, бықсығанын анықтайды.