ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

104
0

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев осы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша берген баспасөз брифингінде мәлімдеді.

«Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан  табиғи газ 99% және электр қуатымен қамту көрсеткіші 100% құрап отыр», — деді аудан әкімі. Ауданда ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 99,8%, электр жарығы 100%, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 87 %. Спикердің сөзінше, ауданда ұзындығы 299,1 шақырымды құрайтын 404 даңғыл, көше мен өткел бар. Жолдардың 279,5 шақырымы (88%) асфальт, 19,6 шақырымы (12%) тас жолды құрайды. Ағымдағы жылы 30 көшеге асфальт салу жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ аудан аумағындағы 404 көшенің қазіргі таңға дейін 124 көшесі жарықтандырылған. Аудан аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үйлер 400 аулаға біріктірілген. 2014-2020 жылдар аралығында 291 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар ойын алаңшаларын орнату жоспарланған. Қазіргі таңға дейін 28 балалар ойын алаңшалары орнатылған. Сонымен бірге аталған жоба аясында 9 спорт алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Ал 2023 жылы 7 спорт алаңшасы орнатылып, аудан аумағын 100% қамту жоспарда бар. Айта кету керек, Әл-Фараби ауданында 207,7 мыңнан астам халық тұрады. Жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен, электр энергиясымен және табиғи газбен қамту көлемін 100%-ға, 2023 жылға қарай кәріз жүйесімен қамту көлемін 91 %-ға ұлғайту көзделген. Бұл туралы аудан әкімі Рашид Мыңбаев шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің аудан тұрғындарымен кезекті есепті кездесуінде айтты. «Былтырғы  жылы сапалы ауыз сумен қамту бойынша «Сәуле» ш/а, «Асар-2» ш/а жұмыстар жүргіздік. Жыл соңына дейін «Текесу» т/а желілік жұмыстарын аяқтап, аудан тұрғындарын толығымен ауыз сумен қамтитын боламыз»-деді аудан әкімі. Сонымен қатар Рашид Мыңбаев «Сәуле» мен «Асар-2» шағын аудандарындағы құрылыс жұмыстары таяуда аяқталып, аудан тұрғындары табиғи газ және электр энергиясымен толық қамтамасыз етілетінін айтты.  Аудан көлеміндегі бірқатар көшелерде кәріз жүйесі іске қосылатын болады. Биылғы жылы Шолохов және Хлопзавод көшелері бойындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Алдағы жылы Түркістан, Ақжайық, Химфарм шағынаудандарында кәріз жүйесін жүргізетін 2 жобаның құрылысы басталады.