ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЛИФТТЕ ҚАЛЫП ҚОЙҒАН БАЛАНЫ ШЫҒАРЫП АЛАДЫ

Ағымдағы жылдың  20-қазанында Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жасөспірімнің жеделсатыда қалып қойғаны туралы хабарламаны қабылдайды. Оқыс оқиға туралы хабарлама №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне таңғы сағат 06.31-тіркеледі.

Осыған сәйкес қаладағы №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары хабарламада көрсетілген мекенжайға яғни, «Жаңа қала» мөлтекауданы №35/3 көпқабатты  тұрғын үйге жедел жетеді. Сөйтіп аталған үйдің 2 подъезд бесінші қабатта тоқтап қалған лифтінен  жасөспірім баланы шығарады.

Оқиғадан зардап шеккендер болмайды.