ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР УЛАНҒАН НАУҚАСТАРДЫ ОРТА АЗИЯДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ЕМДЕЙДІ

80
0
Жергілікті мамандар қырық жылдан астам уақыттан бері «Арыс МТ» барокамерасының көмегімен күйік шалған ауыр жағдайдағы науқастарды емдеп, ажалдан арашалап жүр.
Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығындағы бұл кешенде қан қысымы көтерілген, қант диабетіне шалдыққан пациенттерге де терапиялық емдеу жүргізіледі. Әуе ұшағына ұқсас жасалған апаратта дәрігерлер бір мезетте терапиялық ем-шаралармен қатар ота да жасайды. 1994 жылы дәл осы барокамерада ауыр жағдайдағы жүкті әйелдерге кесір тіліктері де жасалған. Бұл өз кезегінде ана мен бала өлімі көрсеткішін төмендетуге сеп болған. Осыған дейін дәрігерлер кешеннің көмегімен түрлі диагнозға шалдыққан ауыр жағадайдағы мыңдаған науқастың өмірін аман алып қалған.
Айта кету керек, Шымкент қаласында амбулаторлық деңгейде 13 мемлекеттік емхана және 32 жеке меншік медициналық орталық жұмыс істейді. Халықтың 52,8% немесе 615 мың азамат мемлекеттік, қалған 47,2% немесе 549 мың адам жекеменшік емханаға тіркелген. Былтыр 5 медициналық ұйым ашылды. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында Шымкент қаласында бір ауысымда 700 келушіге арналған 800 төсектік университеттік көпбейінді аурухана және клиникалық-диагностикалық орталық (емхана) құрылысы жеке инвестор есебінен басталды. Бұдан бөлек, онкологиялық орталықтың базасында ПЭТ орталығы және сәулелік терапия орталығы іске қосылды. 2 ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, №1 қалалық емхананың балалар бөлімшесі, №2 оңалту орталығының негізгі ғимараты жөнделді. 17 медициналық құрал сатып алынды. Азаматтарды медициналық күәландырудан өткізуге медициналық комиссияларды бөлу үшін жергілікті мәслихат арқылы қаражат бөлу мәселесі шешілді. №3 қалалық емхана аккредитациядан өтті. Ұрықты қорғау орталығы ашылды. Өткен жылы 16 бүйрек, 6 бауыр трансплантациясы мен 369 жүрекке ота жасалды. №2 аурухана базасында бауыр циррозы бойынша бұрын-соңды болмаған операция өткізілді.