БИЫЛ 40 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

73
0
Жыл соңына дейін қалада 40 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтеді. Сондай-ақ биыл коммуналдық меншіктегі 20 тұрғын үйге қайтарымсыз негізде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Былтыр қаладағы 60 үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өткен болатын. Құрылыс барысында тұрғын үйлердің шатыры ауыстырылып, кіреберісі мен жертөлелері, қасбеттері жаңартылды. Жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес қайтарымды қаржы негізінде жүргізілетін болады. Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-не өтінім бере алады. 2023 жылы коммуналдық баланстағы 20 көп қабатты тұрғын үйге қайтарымсыз негізде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, қазіргі таңда бұл бойынша бюджеттік өтінімдер ұсыну жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 20 көпқабатты тұрғын үйге қайтарымды негізде «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Ал өткен жылы 60 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өткен болатын. 2023 жылға қала аумағындағы авариялық, тозығы жеткен 6 тұрғын үйді бұзып, қайта жаңа тұрғын үй кешенін салу жоспарланған. Қазіргі таңда реновациялау жобаларына жеке инвесторлар тарту бойынша «Shymkent ӘКК» АҚ жұмыс жасауда. Аудандық әкімдіктер тұрғынжай меншік иелерінің жеке инвестормен кездесулері ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған реновация бағдарламасы тұрғындардың келісімімен жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, биыл іске қосылған реновация бағдарламасына қаладағы авариялық және тозығы жеткен 6 үй ұсынылып отыр. Қазіргі таңда жергілікті тұрғындарға жаңа бағдарламаның шарттарын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ескірген ғимараттарды бұзу меншік иелерінің келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Тұрғындарға құрылыс кезеңінде  уақытша баспана немесе пәтер жалдау үшін ақшалай өтемақы беріледі. Бағдарлама тозығы жеткен ғимараттарды жойып, мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай зәулім үйлерді көбейту үшін қолға алынып отыр.  Бүгін тұрғын үй қорын реновациялау және қайта жаңғырту бағдарламалары талаптарын түсіндіру мақсатында  баспасөз туры ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта реновация бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында арнайы штаб құрылды.