ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚЫРУАР ІС АТҚАРЫЛЫП ЖАТЫР

94
0

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» атты жаңа тариф саясатына көшу керегін айтқан еді. Жобаны іске асырудағы негізгі мақсат – өңірдегі электр қуатымен қамтамасыз ету және су құбыры желілерінің, жылу коммуникациясының тозу деңгейін төмендетуге қол жеткізу.

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Шымкент қаласы әкімдігі бірқатар маңызды шараларды қолға алған. Атап айтқанда, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і инвестициялық бағдарлама қабылдап, 2022 жылы 121,3 шақырым электр желілері жаңартылған. Биыл 126,3 шақырым желі мен 4 қосалқы станциясын жаңарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ компания 2024 жылы 147,8 шақырым желі мен 3 қосалқы станцияны, 2025 жылы 90,2 шақырым желі мен 5 қосалқы станцияны жаңарту көзделіп отыр. Бұдан бөлек Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан инженерлік инфрақұрылым желілеріне жұмыстары жүргізіген. «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ына тиесілі 898,9 шақырым табиғи газ құбыры жаңғырту үшін 28,2 млрд теңге қажет. Бұл Шымкент қаласындағы газ құбырларының тозу деңгейін 12 пайызға төмендетеді.

Бұдан бөлек, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і 1 902,1 шақырым электр желісін жаңартуы тиіс. Ол үшін 31,4 млрд теңге инвестиция тартылуы қажет. Бұл электр желілерінің тозу деңгейін 20 пайызға төмендетеді.  Сондай-ақ «Қуатжылуорталық-3» 19,8 шақырымдық жылу жүйесін жаңғыртуға 3,2 млрд теңге инвестиция сала отырып, тозу деңгейін 15 пайызға төмендете алады. «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-і де 83 шақырым су құбырын жаңғыртуға – 2,5 млрд теңге, 18 шақырым су бұру жүйесін жаңғыртуға – 29,8 млрд теңге инвестиция салуы қажет. Нәтижесінде ауыз су жүйесінің тозу деңгейі 21 пайызға төмендейді.

Осы міндеттерді орындау мақсатында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлесе отырып тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.