МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 2500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

103
0
«Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек». Бұл Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында берген тапсырма болатын.
Осы мақсатта, Шымкент қаласында өткен жылы 2413 жас жұмыспен қамтылған. Оның ішінде өз мамандығы бойынша «Жастар практикасы» жобасы аясында жұмыс орындарына 2125 жасқа жолдама берілген. NEET санатындағы 288 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жұмыспен қамтылған. Биыл мемлекеттік бағдарламалардың аясында шаһарда 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, оның 16 425-і жас буын. Атап айтқанда, 4 167 субсидияланатын жұмыс орындарына жолданады. Оның ішінде, 35-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 1956-і «Жастар практикасымен», 1100-іне қоғамдық жұмысқа жолдама беріледі. 1052 бітіруші түлек «Алғашқы жұмыс орындары жобасымен» жаңа жұмыс тапса, 24 жас «Ұрпақтар келісім шарты жобасына» қатысып, жұмыспен қамтылады. Ал, бос жұмыс орындарына 4393 адамды орналастыру жоспарланса, 6656 жасқа кәсіпкерлікті дамыту бойынша кәсіпкерлік қолдау шаралары, 1209 адамға кәсіби білім беру жоспарланған.
Айта кету керек, үшінші мегаполисте жастардың жан-жақты дамуына барынша жағдайлар жасалып келеді. Қалада 245 мыңнан аса жастар болса, оларға қолдау көрсету мақсатында 4 ауданнан жастар ресурстық орталықтары ашылып, белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Одан бөлек, 9 ірі сауда орталығында жастар ұйымдары құрылған. Олар кәсіпкерлікті дамыту және заңдастыру, спорттық шараларға тарту сынды бағытта жұмыс жасайды. Өткен жылы «Профновигация» жобасы аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмыстары бойынша 56 кездесу мен семинар-тренингтер, кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылды. Жастарды жұмыспен қамту мақсатында NEET санатындағы жастар туралы тұжырымдама әзірленіп, бекітілді. 2022 жылы 27 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 4 100 жас қамтылды.