ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖҰМЫСТЫ ЖЕҢІЛДЕТУДЕ

100
0
Бүгінде сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары мемлекеттік қызметтерін толыққанды Жүйеде атқару үшін Бірыңғай Мемлекеттік Жылжымайтын мүлік кадастры жүйесімен және басқа да мемлекеттік ақпараттық жүйелерімен интеграциялау шаралары атқарылуда. Бұл туралы Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының м.у.а. Нұрбол Жүнісбеков ақпараттық-клммуникациялық орталығы алаңында өткен баспасөз брифингінде айтты. 
Спикердің мәлімдеуінше, келесі кезеңде Шымкент қаласы бойынша «Сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» және «Сауда-саттық атап айтқанда конкурстар мен аукциондар арқылы мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметтерін жаңа Заң талаптарына сай электронды форматқа көшіріп, өңірлік геоақпараттық жүйесіне атқару үшін жергілікті табиғи монополиялар субъектілерімен (ТМС) әрекеттесіп, бизнес- процестерді автоматтандыру шаралары жоспарлануда.
Өңірлік геоақпараттық жүйесінің кезекті картасында жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған жұмыстық және негізгі қабаттар қарастырылған. Бұл қабаттарда Шымкент қаласындағы бос жер учаскелері бойынша, жер-сауда саттығы, инженерлік желілерді қамтамасыз ету, көркейту, автомобиль жолдары, заңсыз құрылыс туралы және тағы басқа керекті ақпараттар енгізіліп, мәліметтерді уақытылы жаңартып, толықтырып отыру тиісті басқармаларға тапсырылды.
Жүйені іске қосып, мемлекеттік қызметтерді электронды форматта атқару нәтижесінде қағазбастылықты, сыбайлас жемқорлықтың болу ықтималдығын азайту және де қаланың табиғи монополиялар субъектілері мен жергілікті мемлекеттік органдар арасындағы құжат алмасу жұмыстарын жеңілдету көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, спикер Шымқаламыздың республикалық маңызы бар қала мәртебесіне сай көрікті әрі өмір сүруге қолайлы болып одан әрі дамуы үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді. Атап айтар болсақ, Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі даму бас жоспары әзірлену барысында екі қоғамдық талқылау өтті. Әр қоғамдық талқылауға бір ай уақыт белгіленді. Сәулетшілер мен қала халықы тарапынан 140-ға жуық сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсті. Әрбір ұсыныстар мен сұрақтарға өз кезегінде жобалаушы мекеме тиісті заңдылықтарға сәйкес жауап берілді.

Сондай-ақ айта кету керек, тұрғындардың тарапынан түскен ұсыныстардың бірі Бозарық шағын ауданының аумағынан темір жол салу болған, алайда бұл арнайы мамандардың және жобалаушы мекеменің жүргізілген зеріттеуінің нәтиежесінде қалаға экономикалық тұрғыдан тиімісіз екені нақтыланды. Сол себепті біз өзіміздің қолда бар ресурстарымызды пайдалану мақсатында бас жоспарға темір жолды Аэропорт ауданының аумағынан салуды тиімді деп таптық. Бұған қаланың тұрғындары да дұрыс деген ұсыныстарын білдірді.