2023 ЖЫЛЫ КОНГРЕСС-ХОЛЛ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫ МЕН 4 СПОРТ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН АЯҚТАУ ЖОСПАРЛАНУДА

75
0
2023 жылы Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан 123,4 млрд теңгеге 124 жобаны, яғни, 156 нысан салу жоспарланған. Қазіргі таңда 74 жобаның құрылысы басталып, 5,8 млрд теңге игерілді. Жыл соңына дейін 94 нысанның құрылсын аяқтау көзделген.
Басқарманың 1-тоқсанда атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша 2 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. 13 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі болып отыр. Сонымен қатар 2023 жылы қаладағы 3 төтенше жағдайлар нысанның құрылысы қарқынды жүргізіледі. Мәселен, ӘІО 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосы мен Түркістан көшесіндегі 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосы, сондай-ақ, Сайрам шаған ауданындағы 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосына құрылыс жүргізіледі. Бұдан бөлек, Шымсити шағын ауданында 2 саябақтың құрылысы басталса, Қазыбек би көшесі, 36 мекен-жайында орналасқан денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтау көзделгеліп отыр. 2023 жылдың қорытындысымен 230,1 мың шаршы метр құрайтын 3072 пәтерлі 67 тұрғын үйді (кредиттік-38, арендалық-29) пайдалануға беру де жоспарланған. Ағымдағы жылдың сәуір айында Тұран ш/а 1 көпқабатты тұрғын үйдің (54 пәтер) құрылысы аяқталып пайдалануға тапсырылды. 9 мамыр, 2 үй маусым, 6 үйді шілде айында тапсыру жоспарлануда. Бозарық ш/а 49 үй (1960 пәтер, 146,6 мың шаршы) қыркүйек – қазан айларында пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Сонымен қатар 2023 жылы 7 білім нысанының құрылысы жүрігізілетін болады. Оның ішінде, 6 нысан құрылысын жыл соңына аяқтау жоспарланса, Тұран шағын ауданындағы оқушылар сарайының құрылысы 2024 жылға өтпелі. Сонымен қатар, биылғы жылы Конгресс-холл құрылысы мен 4 спорт нысанының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Атап айтқанда, «Метталург» стадионын реконструкциялау, №12 спорт мектебіне қосымша ғимарат салу, Бозарық ш.а. ауыр атлетика мектебінің құрылысы, Желтоқсан көшесіндегі медициналық колледждің спортзалын салу жұмыстары.