АНА ТАҒДЫРЫ-ҰЛТ ТАҒДЫРЫ

59
0
«Көмек» дағдарыс орталығы– өмірде қиындыққа тап болған, түрлі жастағы аналардың амалсыздан паналайтын жері. Мұнда кәмелетке толмаған қыздардан бастап, түрлі жасқа дейінгі келіншектер уақытша тұрақтай алады. Олардың бірінен ата-аналары, кейбіреуінен туыстары бас тартқан. Осылайша тағдырдың тауқыметіне ұшырап, қорғансыз қалғандар, көмек сұрауға мәжбүр. Оларға, дер кезінде психологиялық, рухани қолдау көрсетілмесе, өмірден түңіліп, күйзеліске түсуі мүмкін.
Ал кей кездері өзіне- өзі қол жұмсайтындар да табылады. Сондықтан, уақытында тиісті сала мамандары жұмыс жасау қажет. Осыған орай, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ана мен бала» тақырыбы аясында дәрігерлердің қатысуымен профилактикалық іс-шара жүргізілді. Мұнда жас аналарға психологиялық, әлеуметтік және медициналық кеңестер берілді. Кездесуде сала мамандары ана мен балаларды жеке қабылдап, ой-пікірімен бөлісті. Кеңеске психолог Хамидуллаева Айгерім, әйелдер дәрігері Ескараева Замира, эрготерапевт Шопаева Жадыра, социолог Асылханова Айгерім мен балалар дәрігері Анарметова Наташа қатысты. Бұған дейін де “Дағдарыс” орталығында түрлі тақырыптарда, ана мен балаға қатысты, кездесулер ұйымдастырылған болатын. Айта кету керек, бүгінде әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заң бұзушылық қоғам үшін өзекті мәселелердің біріне айналды. Қоғамның өркениеттік деңгейі оның әйел-азаматшаларға қарым-қатынасына тығыз байланысты. Осыған орай, жуырда Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы» өтті. Қиын жағдайға тап болған әрбір әйел азаматшаларға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, жанжалға тосқауыл қоюды мақсат еткен кездесуде 70-ке жуық қатысушы төбе көрсетті. Іс-шара 15 тамыз күні «Бақытты жанұя» орталығына қарасты әлеуметтік осал санаттарға жататын аналардың орталық базасында ұйымдастырылды. Кездесу барысында әйелдер кеңесінің төрайымы, полиция қызметкерлерінің кеңестері ұсынылды.
Сондай-ақ, «Бақытты жанұя» орталығында тігіншілік мамандығын меңгеріп шыққан асыл аналарымыз көрме ұйымдастырып, іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді.