Халық қалаулысы теріскейлік тұрғындармен кездесу өткізді

381
0


ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бәйділда Жылқышиев Созақ ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында бірқатар кәсіпорындарды аралап, ауданда артақырылып жатқан жұмыстармен танысты.
Онда ол Шолаққорған ауылында орналасқан индустриалды аймақтағы «UKO-S Star» металл құрастыру зауытын көрді. 2013 жылы іске қосылған зауыт Уран өндіруші кәсіпорындарға арналған металл бөшкелер шығарады. Бүгінде 44 адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, «UKO-S Star» «металл құрастыру зауыты» ЖШС-нің екінші зауытының құрылысының барысымен танысты. Аталған жоба жыл соңына дейін құрылысы аяқталады. Зауытты іске асыру үшін 337 млн. теңге инвестиция жұмсалады деп күтілуде. Алдағы уақытта зауытта 25 адам тұрақты жұмысқа тартылады.

Сапар барысында Б. Жылқышиев «Наурыз» мөлтекауданында салынып жатқан 50 тұрғын үйдің құрлысын аралап жоғары бағасын берді. Сондай-ақ, жуырда пайдалануға берілетін 280 орындық балабақшамен танысса, жақында пайдалануға берілген мүгедектер цехның аралап, өнімдерін көрді. Бүгінде Созақ аудандық мұмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыспен қамтылған цехта 15 адам жұмыс істеуде. Сондай-ақ, аудандық орталық емхана қызметкерлерімен кездесіп, талап тілектерін тыңдады.
Ауданға джасаған сапары барысында мәжіліс депутаты «Нұр Отан» партиясының ғимаратында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп пікір алмасты. Кездесуде Созақ ауданында атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалайтынын айтып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға жұмыла жұмыс істеу керектігін атап өтті. Ұсыныс пікірлерді тыңдаған ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Б. Жылқышиев көтерілген мәселелрді тиісті органдарға жеткізіп, шешілуіне ықпал ететінін айтты.
Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.