ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ АУМАҒЫ ҰЛҒАЯДЫ

83
0
Теміржол вокзалының ғимаратын реконструкциялау жұмыстары қазір қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге қайта құру жұмыстарының барысын қадағалады.
Халық санының жылдан-жылға артуы мен қалаға келетін туристердің көбеюі жұмыс жүктемесін арттырып қана қоймай, сервистік қызметті жақсартуды талап етуде. Реконструкциялау жобасына сәйкес, теміржол вокзалының аумағы 2249,33 шаршы метрге ұлғаяды. Ғимараттың жолаушы өткізу қабілеті қазір сағатына 2 мың адамды құрайды. Қайта құрудан кейін вокзал сағат сайын 6 мың адамға дейін қамти алады. Сондай-ақ жобада ғимараттың екінші кіреберісі, жолаушыларға жайлы қызмет көрсететін заманауи талапқа сай екі күту залы қарастырылған. Вокзал ғимаратының қасбеті мегаполистің сәулеттік келбетіне сай жабдықталып, шыны витражды жүйелерден және металл кассеталардан жасалады. Құрылыс жұмыстары 5 кезең бойынша жүргізіледі. Қазір бірінші, екінші қабаттың демонтаждау жұмыстары басталды. Вокзал ғимараты республикалық маңызы бар қалаға сай қайта құрылып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Шымкент қаласы Абай ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтереді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бүгінде Абай ауданы аумағында 18 емдеу мекемесі жұмыс істейді. Олардың 11-і жеке меншік, қалғаны мемлекеттік нысандар. 2023-2024 жылдары жеке инвесторлар Ынтымақ шағынауданының №14 емдеу орталығы филиалының және Қайнар бұлақ саяжайы мен Қайнар бұлақ тұрғын алабына емханалар құрылысын жүргізетін болады. Аудан аумағында 2024-2025 жылдары 3 мәдени нысанның құрылысы басталады. Қазір ауданға қарасты 6 мәдени нысан бар. Мәдениет үйлері Көкбұлақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабтарында бой көтеретін болады. Ал, мектеп тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралығында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 7 мектеп салу жоспарлануда. Олардың 6-ы 2023-2024 жылдары Нұршуақтың Достық жағы мен Ынтымақ жағында, Жаңатұрлан, Бозарық шағын ауданындарында салынады. 2024-2025 жылдары 4 мектеп Асар-2, Шымкент Сити, Достық шағынаудандарында бой көтеретін болады.