ДІНИ АХУАЛДЫ ЖЕТІЛДІРУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

69
0
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында Жол көлік колледжі жастары арасында кездесу өтті.
Мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу мен жақсылық жасай білуге баулу. Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уалихан Самат Шоқанұлы қатыстып, деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен дін бағытындағы бірқатар ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ, кереғар діни ағымдардан сақтану жөнінде сөз етіп, әлеуметтік желілердегі дінге қатысты ақпараттарды бөлісуге немесе жарияламауға шақырды. Кездесу соңында жастармен кері байланыс жүргізіліп, сұрақтарына жауап берілді. Айта кету керек, бұған дейін қоғам тұрақтылығын сақтау мәселесі бойынша Тұран ауданы, Құрсай және Қазығұрт шағын аудандарының жастарымен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында кездесу өтті. Кездесуде жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтар, Отан алдындағы әскери борышты өтеу, оларды отансүйгіштікке баулу мәселелері қозғалып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ұлт араздығы мен діни түсініспеушіліктердің алдын алу мәселесі жөнінде түсініктер берілді. Жиын барысында сөз алған спикерлер жастар көтерген мәселелер бойынша пікір алмасты. Бұдан бөлек, тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінде «Ұл тәрбиесі. Ұлдарға кеңес» тақырыбында жастар арасында отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған ұлдар кеңесі өткізілді. Кездесу барысында, ұлдардың репродуктивті денсаулығы, зиянды әдеттерге жоламау, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде кеңес берілді. Аталған іс-шараға №13 қалалық емханасының уролог-андролог дәрігері Бабаханов Данияр Бахтиярович және Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығының психиатр-наркологы Ермаханова Перизат Умирзаковна қатысты. Кездесу соңында кері байланыс орнатылып, жастар тарапынан келген сауалдар талқыланды.