ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 279 ОТБАСЫ АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ

75
0
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваеваның қатысуымен басқарма тарапынан 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар төңірегінде өткен брифингте мәлім болды.
«Шымкентте соңғы төрт-бес жылдықтарда құрылыс қарқыны артып, баспанамен қамтуда республикада көш басында келе жатқанын өздеріңіз жақсы білесіздер. 2023 жылы Шымкент қаласында әлеуметтік мемлекеттік бағдарлама аясында көпбалалы отбасыларға, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, осал топтатағылар мен бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 324 арендалық пәтер беру жоспарланған. Оның ішінде қазіргі уақытта арендалық тұрғын үймен түрлі санаттағы 279 азамат қамтылып отыр. Жыл соңына дейін қалған 45 азамат қамтылатын болады. Бұдан бөлек, тұрғын үй кезегіне тіркелген азаматтарға қосымша жетім балаларға, көпбалалы отбасыларға, әлсіз топтарға жалпы саны 505 арендалық пәтерді сатып алу жұмыстары жүргізілуде», — деді басқарма басшысы. Спикердің айтуынша, жыл басында кредиттік негізде 1886 пәтерді қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 1249 азамат ипотекалық негізде тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Олар, «5-20-25» 701 пәтер, «2-10-20» («Бақытты отбасы») бағдарламасы бойынша 486 пәтер, «Шаңырақ» («5-10-20») бағдараламысы 62 пәтер.
2023 жылдың соңына дейін жаңа концепциямен «5-10-20» бағдарламасы бойынша 540 пәтерлі 10 тұрғын үй, «2-10-20» бағдарламасы бойынша 324 пәтерлі 6 тұрғын үймен ипотекалық бағытта азаматтар қамтылатын болады.
Сонымен қатар алдағы уақытта жұмыс істейтін жастарға арналған арендалық бағытта 888 пәтер берілмек. Биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына еніп, баспанамен қамтылуда мемлекеттік қолдауға ие болады. Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде қабылданған заң бірнеше жаңа нормаларды қамтиды.
Бағдарламаға қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
▪️Жұмыс істейтін және 35 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматы болса;
▪️өтініш берушінің ай сайынғы табысы 40 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) тен кем емес болуы (соңғы 6 ай ішіндегі);
▪️тұрғылықты мекен-жайы Шымкент қаласында үш жыл болуы;
▪️иеліктерінде соңғы 5 жылда ҚР аумағында тұрғын үй тіркелмеуі.
«Тұрғын үй субсидиясы – пәтер жалдап тұратын отбасыларға әлеуметтік көмек. 2022 жылдан бүгінгі таңға дейін 1 769 азаматқа тұрғын үй субсидиясы берілді. Азаматтардың субсидияны мақсатты пайдалануы үшін басқарма тарапынан жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерге мониторинг жұмыстары жүруде. Мониторинг нәтижесі бойынша 256 азаматпен түзілген келісімшарттың күші жойылып, оларға тағайындалған субсидия тоқтатылды.
» — деді Ж.Өмірсейітқызы.
Жалпы 2023 жылға 200 млн. теңге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертифаттарын беру жоспарланып, төлем э 170 азаматқа 149,1 млн. тг. Берілді (көпбалалы отбасылар – 76, толық емес отбасылар – 16, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар – 74, мемлекеттік қызметкерлер – 4). Өтінім қабылдау жалғасуда.
Айта кетейік, Шымкент қаласында әзірге жастар бағдарламасы басталған жоқ. Бұл бойынша алдын ала БАҚ-та және әлеуметтік желіде хабарландыру жарияланатын болады.