ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҮЛЕСКЕРЛЕРДІҢ ҚАРАЖАТЫН ТАРТУҒА 9 КОМПАНИЯ РҰҚСАТ АЛҒАН

61
0
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков 2023 жылы атқарған жұмыстары мен перспективалық жоспарлары туралы
Ақпараттық–коммуникациялық орталығында өткен баспасөз конференциясында айтты.
«Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі түрі көрсетіледі. Үлестік құрылысқа қатысу қоғамдағы ең маңызды мәселе екендігін мәлімдейміз. 2023 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша, жыл басынан бері үлескерлердің қаражатын тартуға жергілікті атқарушы органнан рұқсат алған 9 компаниялар бар»,-деді Нұрбол Жүнісбеков.
Сонымен қатар, 2023 жылға қала аумағында 1 074 362 шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау жоспары бекітілген болатын.
Жылдың 12 ай қорытындысы бойынша тұрғын үйлер пайдалануға 1 084 117 ш.м. қабылданды, яғни бекіткен жоспардан 101%-ға асыра орындалды.
Жалпы қала аумағында 613 жарнама құрылғылары орналасқан, оның ішінде ЛЭД (монитор) 15-20%, қалған 80% скроллер және басқа құрылғылардан тұрады. 2023 жылы жоспарда 540 млн. қойылған 12 айдың қорытындысы бойынша 600 млн. тенге, яғни 111% түсім түскен. Осылайша сыртқы көрнекі жарнама үшін бюджетке жыл сайын түсімдері ұлғаюда.