БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 40 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТЫ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫМЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНУДА

64
0
Биыл Шымкентте 55 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарлануда. Оның ішінде 40 540 адамды тұрақты және 7839 адамды уақытша жұмыс орындарымен қамту көзделуде. Бұл туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының башысы Жанат Өтебаева Ақпараттық-коммуникациялық орталықтың баспасөз алаңында өткен мәжіліс барысында мәлім етті.
Басқарма басшысының айтуынша, 2023 жылы 57 181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған болатын. Жыл қорытындысымен 74 мың адам қамтылған. Жылдық жоспар 129 % асыра орындалды.
Оның ішінде, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нәтижесінде 42 500 адам қатысты. Сонымен қатар, Жоба шеңберінде кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, Субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарастырылған.
Мәселен, субсидияланатын жұмыс орындары бойынша былтыр 6 065 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған болса, жыл соңына нақты – 8430 адам қамтылды. Жұмыссыз азаматтар әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыстар мен «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы», «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы, «Күміс жас» жобасы бойынша жұмыс орындарына орналастырылған.