ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

35
0

Бүгінде әлеуметтің әлеуетін арттыру ісіне айрықша көңіл бөлініп келеді. Өйткені халықтың тұрмыстық ахуалы түзелсе, елдің жағдайы жақсарады. Сондықтан да қазіргі уақытта жұмыспен қамту шаралары қарқын алған. Бұл салаға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айрықша мән беріп отыр. Бұған дейін ел Президенті «Қазір еңбек нарығында жастардың үлесі артып келеді. Үкіметке және әкімдерге 2030 жылға қарай 3 миллион 300 мың адамды жұмысқа тұрғызу туралы тапсырма берілді. Оның 2,2 миллионы жастар болуға тиіс. Жаңа жұмыс орындары уақытша емес, тұрақты болғаны жөн. Елімізде аймақтардың жұмыспен қамту карталары бекітілген. Соған сәйкес жыл сайын шамамен 950 мың адамға жұмыс тауып беру көзделген. Ол үшін бюджеттен 130 миллиард теңге бөлінді. Осы қаржының арқасында, яғни субсидия арқылы 150 мың адам жұмысқа орналасады. Оның бәрі – жастар және әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар» деген болатын.

Бұл тұрғыдан келгенде, Шымкентте жүзеге асып жатқан жұмыстардың қатары қалың. Жалпы елімізде қыркүйектің үшінші жексенбісі — «Еңбек күні» мерекесі. Мақсат – Мемлекет басшысының жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идеясын жүзеге асыру,өнімді еңбекті ынталандыру. Осы орайда, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен «Еңбек күні» мерекесі аясында «Адал еңбек – адам көркі»атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Арбат алаңында өткен жәрмеңкеге қала аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік 100-ден астам жұмыс берушіден 4 534 бос жұмыс орны ұсынылды. Оның ішінде 2 764 орын тұрақты, 1 770 орын «Жастар практикасы» бағдарламасына арналған. Мерекелік іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, өндіріс орындары мен білім беру салаларындағы еңбек озаттарын марапаттады. Іс-шара барысында Еңбек мобильділігі орталығының мамандары http://xn--nbek-u4d.kz/  электрондық порталы ұсынған жұмыс орындарын халыққа таныстырды. Биыл қалада 30 207 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланып, осыған дейін 23 691 адам қатысты. Жоспар 78,4% орындалды. Атап айтқанда 2 426 адам http://xn--nbek-u4d.kz/ порталы талап етілген дағдыға онлайн оқыса, 3 228 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік білімін жетілдіріп, 428 адамға комиссияның шешімімен қайтарымсыз грант бекітілді. Субсидияланатын жұмыс орындарына 6 639 адам жолданса, қаладағы тұрақты бос жұмыс орындарына 10 970 адам орналастырылды. Жәрмеңке арқылы 335 адам тұрақты жұмыс орнына, 106 жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жолдама алса, 139 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Одан бөлек, 65 тұрғынға қайтарымсыз грант, 18 адамға өңіраралық көші-қон жөнінде мамандардан кеңес алды. Жалпы биыл Шымкентте 55 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарлануда. Оның ішінде 40 540 адамды тұрақты және 7839 адамды уақытша жұмыс орындарымен қамту көзделуде. Бұл туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының башысы Жанат Өтебаева Ақпараттық-коммуникациялық орталықтың баспасөз алаңында өткен мәжіліс барысында мәлім еткен еді. Басқарма басшысының айтуынша, 2023 жылы 57 181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған болатын. Жыл қорытындысымен 74 мың адам қамтылған. Жылдық жоспар 129 % асыра орындалды. Оның ішінде, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нәтижесінде 42 500 адам қатысты. Сонымен қатар, Жоба шеңберінде кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, Субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарастырылған. Мәселен, субсидияланатын жұмыс орындары бойынша былтыр 6 065 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған болса, жыл соңына нақты – 8430 адам қамтылды. Жұмыссыз азаматтар әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыстар мен «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы», «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы, «Күміс жас» жобасы бойынша жұмыс орындарына орналастырылған. Былтыр Шымкентте «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы аясында 17 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 9156 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылған болса, 8 мыңға жуығы субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған. Өткен жылдың басынан жыл соңына дейін 22 870 жаңа жұмыс орны құрылған. Оның ішінде 21 815 орын кәсіпкерлік жеке бастамамен және 1055-і ұлттық жобалар аясында ашылған 2431 жұмыссыз азамат тегін 3 айлық қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өткен. Сондай-ақ жыл басынан бері https://skills.enbek.kz/ онлайн платформасында 2 жарым мыңнан астам адам кәсіптік білім алған. Жалпы, Шымкентте биыл 57 181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, жүзеге асқан. Жалпы Шымкент қаласында 11 858 отбасындағы 60 215 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл одан алдыңғы жылмен салыстырғанда АӘК алушылар саны 22,6 пайызға азайған. Мемлекеттік атаулы көмек алушы жанұяларындағы 1-6 жас аралығындағы 20 033 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың 1,5 айлық есептік көрсеткіш яғни, 5175 теңге көлеміндегі ай сайынғы қосымша төлемімен қамтамасыз етілді. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады. Бүгінгі күні кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде немесе 2023 жылдың 3 тоқсанына орта есеппен 32 716 теңге болып белгіленген. Қала бойынша сондай-ақ 80 жастан асқан 123 жалғызілікті қарияға ай сайын 2 АЕК-тен (6900 теңгеден) әлеуметтік көмектер төленуде. Медициналық мекемелерде қатерлі ісік ауруымен диспансерлік есепте тұрған 118 балаға ай сайын 5 АЕК-тен немесе (17 250 теңгеден) әлеуметтік көмектер төленуде.